Алматы. 16 ақпан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан халықтары Ассамблеясының (ҚХА) мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы болжанған еді, деп санайды Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия (ЖСДП) төрағасы Жармахан Тұяқбай.
«Мен мұндай бастама айтарлықтай болжалды болды деп санаймын, өйткені елдегі ахуал жылма-жыл нашарлап барады, айтып отырғаным халықтық әлеуметтік хал-жайы, біздің мемлекетіміздің экономика күйі, дағдарыс, Қазақстан мен оны қоршап тұрған елдердегі жағдайға күннен-күнге төніп тұрған қауіп-қатерлер. Бұның бәрі, әрине, биліктен тиісті сайма-сай шаралардың қабылдануын қажетті еткен», - деді Ж. Тұяқбай дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.
Мұнымен қатар ол ҚХА-ның бастамасын тағы парламенттің қарайтынын атап өтті.
«Ассамблея парламентке жүгіне алады, парламент мәселені қарап, мерзімінен бұрынғы сайлауға қатысты өз шешімін шығаруы тиіс», - деді Ж. Тұяқбай.
Оның айтуынша, егер мерзімінен бұрынғы президенттік сайлау бола қалған жағдайда, оның өзі президент лауазымына сайлауға түсетіні-түспейтіні туралы шешімді тек ЖСДП съезі қабылдай алады.
«Мен әзірге айта алмаймын, себебі бұл біздің партияның айрықша құзыреті, және де бұның немен аяқталатынын қарау керек. Саяси партия ретінде біз сайлаудың саяси науқанына қатыспай жүре алмаймыз, бірақ заң бойынша сайлауалды науқанның басталуы қарастырылған кезде, ақырғы шешім бәрібір съезде қабылданады», - деп түсіндірді ол.
Еске сала кетейік, 14 ақпанда Қазақстан халықтары Ассамблеясының кеңес мүшелері парламент мәжілісіндегі Қазақстан халықтары Ассаблеясының депутаттық тобына ҚР президенттік сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасымен шығу өтінішімен жүгінді.
ҚХА үндеуіне сәйкес, ұласпалы әлемдік экономикалық дағдарыс пен халықаралық ауыр тәртіп жағдайында сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастама «уақыт талабы болып табылады».
«Әлемдік дисбаланстардың жаңа және қиын кезеңінде, елдің стратегиялық бағдарынан тайқып бермей, өзінің елді ауқымды жетілдіру және әлемнің ең күшті мемлекетінің 30-дығына кіргізу жөніндегі жолын жалғастыра беруі үшін, Н. Назарбаевқа сенім таныту қажет» екендігі атап көрсетіледі.
Олардың ойынша, бүгінде Қазақстанға «Нұрлы жол – болашаққа жол» бағдарламасы мен ұзақмерзімдік «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық ресурстарын біріктіру қажет.
Дереккөз: ҚазТАГ