Атырау, 18 маусым 16:31
 дождьВ Атырау +30.3
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Ұлттық банк стратегиялық крипторезерв құрды

84 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Қазақстан криптовалюталарға негізделген ұлттық стратегиялық резервті қалыптастырды. Оның мақсатты инвестициялық көлемі — 1 млрд доллар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттар алдында мәлімдеді.

Крипторезерв активтердің табыстылығын арттыру және әртараптандыру үшін жасалған. 

Инвестиция мерзімдері әзірге жария етілмеген. 

Сонымен қатар, БЗЖҚ-ның инвестициялық стратегиясы қайта қаралып, жоғары табысты активтерге — акциялар мен баламалы құралдарға үлес арттыру көзделуде. 

Маусым айында Ұлттық банк «баламалы құралдар портфелін» ашып, алғашқы транш ретінде 500 млн доллар бөлді.

1 маусымдағы жағдай бойынша:

  • Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері — 66,537 млрд доллар

  • Ұлттық қор активтері — 66,373 млрд доллар

Осылайша, Қазақстан резервтерді әртараптандыру үшін криптоактивтерді де инвестициялық құралдар қатарына қосып отыр.

Бүгін, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.