Атырау, 28 қараша 05:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қызылшаға қарсы егу басталды

2 378 просмотра

16 ақпанда Атырау облысында 15-19 жас аралығындағы жастарды қызылшадан қосымша иммунизациялау науқаны басталды.

Оны өткізу үшін республикалық бюджет есебінен вакциналар алынды. Облысымызда 25-тен 19 жасқа дейін жастағы 28 500 адам бар, ал Атырау қаласында – 18 200. облыстық орталықта 89 медициналық бригада мектептерде, колледждердер мен жоо-ларда жұмыс жасап жатыр.

- Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы вакцинациялау бір жасқа толғанда, содан кейін 6 жаста жүргізіледі, алайда 2012 жылдан бері елімізде 15 – 19 жас аралығындағы жас адамдардың көп ауырғандарды тіркелді,- дейді тұтынушылар құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ. – Бізге, Қазақстанға аурулар көбіне сырттан келеді, кейбір шет елдерде адамдар қызылшадан егілуден бас тартып, өздері ауырып, басқаларға жұқтырады. Жастарды қорғау үшін біз қосымша иммунизациялау жүргіземіз.

Дәрігерлердің айтуынша, қызу көтеріліп, денеге қызыл түйіршектер шығып, жөтел, бас ауруымен білінетін бұл дерттің өзі ғана қауіпті емес, қабынса, отит, пневмания, энцефалитке айналуы мүмкін.

Біздің сауалымызға жауап берген А. Жұмағалиев Теміртау қаласындағы медколледждің 18 студентінің вакцина салғаннан кейінгі синдромы (олардың қызуы көтеріліп, екі күн ауруханада болған) жайлы түсінік берді:

- Арнайы комиссия бұл жерде психологиялық фактор орын алған, яғни, адамдарды дайындамаған, дұрыстап түсіндірмеген. Кампания қазірдің өзінде жеті облыста өтті, басқа жерлерде мұндай қиыншылықтар болған жоқ.   

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 ақпан 2015, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.