Атырау, 28 қараша 05:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тізімге енбеді

2 571 просмотра

Коммунистік халық партиясының облыстық комитеті «Қазақстанның медицинасы – аңыз бен ақиқат» атты қоғамдық тыңдау өткізді.

Қаңтарда жергілікті коммунистердің күшімен емханалар мен ауруханаларда пациенттерге (100 қатысушы) сауалнама жүргізілді. Портал арқылы пациенттерді ауруханаға жатқызу көптеген наразылықтар тудырады: ауыр науқастарды стационарға қабылдамай, кері емханаға жібереді. Ал егер қабылдаса да, кешікпей хал-жағдайына қарамастан стационарда болу уақытын шектейтін әлдебір хаттамаға сілтеп, шығарып жібереді. 60 пайызы қажетті мамандарға уақытында кіре алмайтындарына; 40 пайызы медицина қызметкерінің дөрекілігіне; 20 пайызы пара алу және қорқытып ақша алу жағдайларына шағымданды.

– Атырау облысында ресми мәліметтер бойынша 186 маман: жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар және т.б. жетіспейді. Пациенттер тегін дәрі-дәрмектердің жетіспейтіндігіне шағымданады, - деді ҚКХП облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ.

Медиктер жауап ретінде жалақыларының аздығына, үнемі түрлі құжаттарды толтыру қажеттілігіне сілтейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналыққызметке ақы төлеу комитеті аумақтық департаментінің бастығы Балкенже БАРСАЕВАНЫҢ баяндамасы біз сеніп дағдыланған медиктердің пайымдарын теріске шығарды. Бүгінде, оның айтуынша, медиктердің жақсы табыс табуға барлық мүмкіндіктері бар екен. Емханалар екі компонентті жан басына шаққандағы норматив бойынша қаржыландырылады. Жан басына шаққандағы компонент – 786 теңгеге ынталандырушы 100 теңге қосылады. Дәл осы соманы емхана ай сайын әрбір бекітілген пациент үшін алады. Мұнда бекітілген контингенттің бар болғаны 30 пайызы ғана амбулатория көмегіне жүгінеді. Осылайша, емханалардың дені сау адамдар есебінен қаржы үнемдеуге мүмкіндігі бар. Негізінде, оларға халық сырқатының алдын алумен айналысқан тиімді ғой.

Алдын алуға скринингтер және күнтізбелік егу науқандары мүмкіндік береді. Дәрігерлер үшін пациенттерін емдеу табыстылығына байланысты сараланған жалақы жүйесі медициналық мекемелердің барлығына бірдей енгізілмеген. Оны мекемені сауатты басқару кезінде ғана қолдануға болады. Яғни, бас дәрігердің өзі озат медик қана емес, мықты шаруақор болуы тиіс.

– Осы мәселе бойынша бас дәрігерлерді ынталандыру үшін денсаулық сақтау министрлігі жаңа жылдан бастап жаңа ереже енгізді: медициналық мекеме басшысының еңбекақысы енді өзіне бағыныштылардың сараланған еңбекақысы қандай деңгейде енгізілгендігіне байланысты болады. Егер жұмысшылардың 40 пайызы сараланған еңбекақы алса, онда бас дәрігердің еңбекақысына 25 пайыз қосылады. Егер 60 пайыздан көп болса, онда меже одан да жоғары болады, - деп атап өтті Б. Барсаева.

Оның айтуынша, қазір 754 атаудағы түрлі сырқатты анықтау және емдеу хаттамасы жасақталды. Онда қажетті тексеру көлемі мен қолданылатын дәрі-дәрмек аппараттары мен қосымша емдеу әдістері (емдік дене шынықтыру, массаж және т.б.) жазылған.  

Хаттамаларда емдеу мерзімі көрсетілмеген. «Кереует-күн» бойынша тек туберкулезге қарсы күрес және жүйке-неврологиялық диспансерлердің, сонымен қатар наркологиялық қызметтің жұмыстары ғана төленеді. Қалған стационарларда «емханалық-шығын» тобы бойынша төлем енгізілген. Яғни, стационарлар әрбір емделген жағдай үшін ақша алады. Мұнда пациенттің болу мерзімі емес, оның диагнозы мен емдеу кезінде қолданылатын медикаменттер анықтаушы рөл атқарады. Физиологиялық босанудың шығыны аз боп табылады, ол 42 мың теңге. Ал қымбаты – жүрек ауыстырып салу, ол 90 млн теңге тұрады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

18 ақпан 2015, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.