Атырау, 27 қараша 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Нүкенованың ағасы Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге талап етті

57 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Елордалық сотта қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасы сотталған Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы өндіріп алу туралы апелляциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Адвокат Әсел Салихова Нүкенованың жақындары берілген моральдық залал мөлшерімен келіспейтінін және бірінші сатыдағы соттың шешімі заңсыз деп санайтынын айтты. Айтбек Амангелді өтемақы мөлшерін 1,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды талап етіп апелляцияға берген.

Адвокат Жанна Уразбахованың мәліметінше, қылмыстық іс басталғанға дейін экс-министрдің Алматыда тоғыз жылжымайтын мүлкі болған. Сонымен қатар Бишімбаев ай сайын Bau мейрамханасынан 8-ден 15 млн теңгеге дейін табыс алып отырған. 

«Бірінші сатыдағы сот 10 млн теңге көлемінде өндіріп алған сома Салтанат Нүкенованың отбасын мазақ ету деп есептеймін. Жерлеу рәсіміне, тасымалдауды ұйымдастыруға, 40 күндігіне қанша ақша жұмсалды. Осы уақытқа дейін ешкім бұл ақшаны өндіріп алған жоқ, өйткені отбасының өзі барлық шығындарды жапты. Салтанат Нүкенованың өлтірілгені белгілі болғаннан бері ата-анасына жедел жәрдем бірнеше рет шақырылды», - деді Оразбахова. 

Бұл ретте сотталған Қуандық Бишімбаев процеске қатысқан жоқ. Оның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов отырысты оның қатысуынсыз өткізуді сұрады.

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

«Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың осы іс бойынша 26 қыркүйектегі шешімі өзгеріссіз, талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді, алты ай ішінде кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін», делінген сот шешімінде. 
Бүгін, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.