Атырау, 15 ақпан 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Алматы облысында әскери бөлімнің бұрынғы командирі тапаншамен атылып өлді

1 823 рет қаралды

Алматы облысы Боралдай ауылында № 55065 әскери бөлімнің бұрынғы командирі тапаншамен атылып өлді, деп хабарлады республика қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бүгін Алматы облысында № 55065 әскери бөлімінің бұрынғы командирі, полковник Абай Мырзабеков өз-өзіне қол жұмсады", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері бұрынғы әскеридің өзін-өзі өлтіру ісін ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура басқармасының қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тергеп жатқаны айтылған.

"Марқұм өлер алдында хат қалдырған, оның мазмұны тергеудің мүддесіне байланысты айтылмайды. Бұрынғы әскеридің өлімі жайлы ақпарат тергеу шаралары аяқталғаннан кейін жария етіледі", - делінген баспасөз баянда.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

17 ақпан 2015, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.