2015 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның медициналық ұйымдарында құжаттарды қағазға жазудан бас тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап.
"Сәуірден бастап медициналық жұмысшылардың автоматтандырылған жұмыс орны бар медициналық ұйымдарда құжаттаманы қағазда толтыру алып тасталады, пациенттердің амбулатория картасы ғана қағазға толтырылмақ", - деді Дүйсенова ведомствоның алқа мәжілісінде.
"Әрбір екінші хатта дәрігерге барғанда пациентке қарамастан, қағазын толтырып отырды деген шағым айтылады. Сондықтан 1 сәуірден бастап автоматтандырылған жүйесі бар жерлерде, егер әр дәрігерге компьютер берсе, Қазақстан бойынша 1 сәуірде, ал егер қамтамасыз ете алмасақ, компьютері бар дәрігерлер ғана қағаз толтырмайтын болады", - деді министр.
Осыған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдарда қағазбастылықты жоюды тапсырған болатын. "Білім беру және денсаулық сақтау министрліктерінде қаншама қағаздың айналып жатқанын айттым. Қараңыздар, барлық қағазды жойыңыздар", - деп мәлімдеді Назарбаев.
Дереккөз: tengrinews.kz