Атырау, 26 қараша 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Астанада өзін жарып жіберген әскеридің әйелін полиция тергеп жатыр

1 707 просмотра

Астанада өзін жарып жіберген офицердің ісіне қатысты жаңа фигурант пайда болды. Полицейлер марқұм Арман Сыздықовтың жарын тергеп жатыр. Құқық қорғау орындарының 5 сағат бойы не сұрағанын  подполковниктің жұбайы арнамызға берген экскюзивті сұхбатында айтып берді.

Гауһар Сыздықова, Арман Сыздықовтың жесірі:

-Тергеушілер мені «күйеуімді өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі» деп айыптап жатыр. Яғни Арман отбасылық ұрыс-керістен кейін суидцид жасауы мүмкін дейді. Тіпті мені психологиялық сараптамадан өткізбек . Арман мені де, балаларын да қатты жақсы көрді. Біздің өмірде басқа жоспарларымыз бар еді.

Гауһар енді тергеушілер күйеуінің өлімін отбасылық кикілжіңге ысырып, істі жылы жауып қоймақ деп қорқып отыр. Сондай-ақ, ол «марқұм компьютерлік ойындарға құмар болған, жүйкесі сыр берген» деген ақпаратты да мүлдем жоққа шығарды. Өйткені, Арман Сыздықов жұмыста біреулердің күн көрсетпей жүргенін шет-жағасын әйеліне айтқан екен. Бірақ, ашық әңгімелемеген. Сондай-ақ, келіншек Қорғаныс министрлігінен жоғалған 800 миллион теңгелік тауардың күйеуіне қатысы бар дегенге  сенбейді. Мұндай қаржы болса, Арман алдымен мүгедек баласын емдетер еді дейді Гауһар. Подполковниктің артында екі баласы қалғанын айта кетейік. Ұлы туғаннан төсекке таңылған жарымжан. Қызының да денсаулығы сыр берген соң, жанұясы екі жыл Алматыда тұрыпты. Ал, Арман Сыздықовтың өзі Астанадағы осы қызметтік жатақханада өмір сүрген. Қорғаныс министрлігінің шенді қызметкері өткен аптада тура жұмыс орны алдында өз-өзін гранатамен  жарып жіберген болатын. Қазір Сыздықовты суицидке итермеледі деген күдікпен оның тікелей басшыларынан жауап алынып жатыр.

Дереккөз: ktk.kz

18 ақпан 2015, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.