Атырау, 28 қараша 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Онлайн фемида

1 907 просмотра

Атырау облыстық соты инновациялық технологияларды сәтті енгізуде.

- Біріншіден, бұл сот процесіне қатысушыларды SMS-хабарламалар және электронды поштаға хат жіберу арқылы хабарлау жүйесі. 2014 жылы осындай 28 мыңнан астам хабарлама жіберілді, - дейді облыстық сот канцеляриясы меңгерушісінің орынбасары Нұрсұлтан БАЙТІЛЕСОВ. – Екіншіден, «Сот кабинеті» қызметі енгізілген. Шындығында, бұл сот органдарының онлайн-сервисі мен қызметіне рұқсаты бар жалғыз терезе, ол арқылы азамат, оның өкілі немесе қорғаушысы өзіне қолайлы уақытта ғаламтор арқылы жолданым, шағым, өтініш және т.б. жібере алады. Баж салығын төлеп, сот актісін шығарып алуға болады.

Жыл басынан бері электронды «Сот кабинеті» қызметін, шамамен, 3,5 мың адам пайдаланған.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

19 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.