Атырау, 19 мамыр 21:42
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Спорт жаңалықтары

1 631 просмотра

10 және 11 ақпанда Мұз сарайында «Бейбарыс» және «Арлан» (Көкшетау) командалары арасында шайбалы хоккейден ел чемпионатының матчтары өтті. 

«Арлан» – чемпионат көшбасшысы, өте ауыр қарсылас. Алғашқы кездесуде олар соңғы секундқа дейін 2:0 есебімен ұтып жатты, тек ақырғы ысқырық алдында ғана алаң иелері бір қарымта гол соқты. Қорытынды есеп -  2:1, «Арлан» жеңіске жетті.

Екінші матчтың негізгі уақыты мен овертайм 3:3 есебімен тең аяқталды. Ал, буллит соғуда алаң иелерінің жолы болды. Бұл жерде барлық соққыларды қайтарған «Бейбарыс» қақпашысы Матио Пинтаричті атап өткен жөн.

 «Бейбарыс» мүмкін болар алты ұпайдан екі ұпай жинап, турнир кестесінің 5-орнында келеді.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының қолдауымен 2000-2001 ж.т. оқушылар арасында қазақ күресінен облыстық біріншілік өтті.

Жарысқа Атырау қ., Құрманғазы, Жылыой және Махамбет аудандарының жас ұлттық стильдегі күрес палуандары қатысты. Жеңімпаздар: 38 келіге дейін - Айдос Жанболатов, 42 келіге дейін - Алтынбек Серіков, 46 келіге дейін -  Ерсін Тұяқбай, 50 келіге дейін - Әбілхайыр Хайруллин, 55 келіге дейін - Нұркен Салыбек, 60 келіге дейін - Батырлан Әсет және 60 келіден жоғары - Асланбек Қайроллаев.

 

***

 

Фуджейра (БАӘ) қаласында таэквондодан рейтингтік турнир (G-1) өтті және оған әлемнің түкпір-түкпірінен 550 спортшы қатысты. 

ҚР ересектер құрамасы сапындағы атыраулықтар екі медаль алды: Айгүл Елубай (73 келіге дейін) - «күміс», Динара Ұзақбай (73 келіден жоғары) – «қола». Ал жастар құрамасы құрамында (1998-2000 ж.т.) атыраулық спортшылар төрт күміс жүлдеге ие болды: Айдана Еділбаева, Айтуар Шайкенов, Сағадат Жолдасбаев және Арайлым Оразақова. Таэквондошыларымызды жаттықтырушылар Б. Төребаев пен С. Сардарова дайындады.

 

***

Атыраулық спортшылар 1998-99 ж.т. үлкен жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР чемпионатында үш қола жүлдеге ие болды.

Айболат Ыстыбай (50 келіге дейін), Әділет Күлшим (55 келіге дейін) және Саян Қайырғалиев (73 келіге дейін) көзге түсті. Жүлдегерлерді жаттықтырушылар Жұмабеков, Ризуанов, Серғазиев және Есмағамбетов дайындады.

***

Біздікілер Волгоградта

Волгоградта Сталинград түбінде фашист әскерлерінің күйреуінің 72 жылдығына арналған 68-бүкілресейлік жеңіл атлетика жүгірісі өтті. 

Бұл жарысқа Атырау қаласы атынан Мұнай және газ институтының дене тәрбиесі кафедрасының профессоры Асқар Қазиев (10 шақырым) пен осы оқу орнының мұнай факультетінің студенті Айбол Бисенбаев (5 шақырым) қатысты. Екеуі де мәреге жақсы нәтижелермен келді.

***

 

Президентке ұнар еді

Дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының қолдауымен 1998-99, 2000-2001 ж.т. мектеп және колледж оқушылары арасында президенттік көпсайыстан облыс біріншілігі өтті. 

Жарысқа Исатай, Жылыой аудандарының, Атырау қаласының №20, Амангелді орта мектебінің және мұнай және газ технологиясы колледжі командалары қатысты. Бағдарламаға 60, 100, 1000, 2000 және 3000 метр қашықтыққа жүгіру, кір тасын көтеру, турникке тартылу және пневматикалық винтовкадан ату кірді. Жеке есепте жинаған ұпайларының қорытындысы бойынша 2000-01 ж.т. арасында Ринат Қалдаманов (колледж), Жансая Қабақ (Амангелді орта мектебі) жеңімпаз атанса, 1999-98 ж.т. арасында Ару Қаму (Амангелді), Григорий Юдин (колледж) озды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.