АСТАНА, 19 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк бірлесіп ипотекалық кредиттеу саласында қалыптасқан мәселелерді шешу үшін 130 млрд теңге бөлуде, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
"Бөлінген қаражат проблемалық қарыз алушылардың борыштарын есептен шығаруды болжамайды. Ол ипотекалық кредиттерге қызмет көрсету талаптарын жеңілдетуге бағытталатын болады", - делінген хабарламда.
Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, мәселені шешудің тетіктерін әзірлеуді, оның негізгі критерийлерін айқындауды Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен, банктермен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асыратын болады.
Борыштық жүктемені жеңілдетудің тетіктерін әзірлеу мәселесі 19 ақпанда Алматы қаласында сағат 11-де алғаш рет талқыланады.
Дереккөз: newskaz.kz