Атырау, 26 қараша 21:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Серік Ахметов тағы екі айға үй қамауында болады

2 389 просмотра

Қарағанды. 13 ақпан. ҚазТАГ – Жемқорлық қылмыс жасаған деп күдіктелген бұрынғы ҚР қорғаныс министрі Серік Ахметовтың үй қамауында болу мерзімі 2 айға ұзартылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі сот залынан.

«Тергеу-оперативтік топтың күдікті Серік Ахметовтың үй қамауында болу мерзімін қылмыстық іс материалымен танысу кезеңіне, 2 айға, 2015 жылғы 18 сәуірге дейін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылсын», - деп Қарағандының Қазбек би аудандық сотының шешімін судья Еркеш Маукен жұма күні мәлім етті.

Сот мәліметінше, С.Ахметов Қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша қылмыс жасаған деп күдіктелуде: 176 б. 4 т. (басқаның сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салу), 307 б. 4 т. (қызмет бабын асыра пайдалану) 311 б. 5 т. (пара алу).

Сонымен қатар сот күдіктілер Анатолий Эссе, Әлжан Ақмолдаевқа қатысты бұлтартпау шарасын 2 айға ұзарту туралы шешім қабылдады.

«Қазір бұрынғы қорғаныс министрі С.Ахметовке және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. 30 қаңтарда күдіктілер, олардың жақтаушылары мен зардап шегушілер жазбаша түрде тергеу амалдарының аяқталғаны туралы ескертілді және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқықтарымен таныстырылды», - деді процессуалдық прокурор Дияр Әдилов сотта.

Ол қылмыстық іс материалдары 150 том екендігін атап өтті. Бұл іс бойынша 20 күдікті өтеді.

«Материалдар, бейнежаулар, аудиожазулар бар, олармен танысуға ұзақ уақыт керек», - деді Д. Әділов.

Бұған дейін хабарланғандай, сыбайлас жемқорлық бойынша айып тағылып отырған С.Ахметовке қатысты сот 2 айға, яғни 2015 жылдың 18 қаңтарына дейін үй қамағы түріндегі бұлтарпау шарасын санкциялаған болатын.

Кейін бұрынғы қорғаныс министрінің үй қамағы 18 ақпанға дейін ұзартылды.

Еске салсақ, ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық істері агенттігі Қарағанды облысы және Қарағандының, «Сарыарқа» ӘКҚ» ҰК АҚ, «Металлургия-Металөңдеу» индустриалды паркі ӘЭА, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшылары Б.Әбдішевке, М.Смағұловқа, А.Эссеге, Г.Рахымжановқа және басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тексеруде. 

Дереккөз: ҚазТАГ

13 ақпан 2015, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.