"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері Астана - Щучинск тас жолындағы қардың ебедейсіз тазалануы жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қар тазалаушы машинаның жолдың бір жолағындағы қарды қарама-қарсы беттегі жолаққа ұшырып келе жатқаны және өтіп бара жатқан көліктерге қар боратқаны түсірілген видео Интернетте жарияланды. Ролик авторы төтенше оқиға 2015 жылдың 6 қаңтары күні Астана - Көкшетау автожолында болды деп жазды.
"Бұл видеоролик жөнінде біз мынаны айтқымыз келеді, біз мұндай оқиғаның болғанын мойындаймыз, бірақ оның бір жыл бұрын болғанын атап өтеміз. Бейнероликтен датаны көруге болады - 2014 жылдың 14 қаңтары. Сол кезде қызметкерге шұғыл шаралар қолданылды, яғни видеодағы машина жүргізушісі шұғыл жағдайда жұмыстан шеттетілді, кейін шығарылды. Сондай-ақ жұмыстан жол-пайдалану учаскесінің инженері де шеттетілді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақылы жолдар дирекциясының басшысы Нұрлан Исабаев.
Оның айтуынша, АҚ штабы жолдардағы ахуалды тұрақты түрде бақыланып, автожолдардағы кемшіліктерге қызметкерлер жылдам әрекет ететіндіктен мұндай жайттар қайталанбайды. Биыл мұндай деректер тіркелмеді.
"Халыққа келешекте мұндай мәселемен біздің компанияның ресми сайтына өтініш білдіру керектігін ескертеміз, сайтта "Сұрақ-Жауап" деген айдар бар, біз ол жерде сауалдарға үш күн ішінде жауап береміз", - деді Исабаев.
Дереккөз: tengrinews.kz