Атырау, 4 қазан 20:20
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қазақстан мен Түркия әскери салада ынтымақтастықты тереңдетпекші

3 327 просмотра

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Түркия әскери салада екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған тығыз байланысты тереңдетпекші, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің бапасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың Түркия Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Неждет Өзелмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында әскери және әскери-техникалық саласын қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Ж. Түймебаев Қазақстан тәуелсіздігін алғалы өол жеткен жетістіктері жөнінде, «Қазақстан-2050» Стратегиясының және «Нұрлы жол» Жолдауының негізгі қағидалары төңірегінде жүзеге асырылып жатқан реформалар, сонымен қатар 2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығын, ҚР Конституциясының 20-жылдығын және Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту іс-шаралары туралы сұхбаттасын хабардар етті.

Н. Өзел қазақстандық әскери қызметшілерін Түркияның әскери-оқу орындарында оқыту, қазақстандық әскери бөлімшелерін жабдықтандыру, ҚР Әскери күштерін реформаларын қолдау көрсету секілді екі елдің әскери саласы бойынша ықпалдастығының негізгі бағыттары болып табылатынын мәлім етті.

«Қазақстан Аселсан инжиниринг» оптикалық аспаптарын шығару зауытының Астанада ашылуы екі елдің қорғаныс кешендері арасындағы тығыз байланысының көрсеткіші болып табылады.

Әскери білім беру саласы бойынша ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге сәйкес, Түркияның әскери оқу орындарында қазақстандық кадрларын даярлау мәселесі бойынша ықпалдастық сәтті жүргізілуде.

Күні бүгінге дейін түрік нұсқаушыларымен «Командос», «Спецназ», «Мергендерді даярлау», «Ішкі қауіпсіздік» және аэромобильді әскерлерінің арнайы бөлімшелерін жаттықтыру бағдарламалары бойынша Қазақстанның әскери қызметшілері даярланды.

Кездесудің қорытындылары бойынша тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери саласы бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тығыз байланыстарды дамытуға келісті. 

Дереккөз: ҚазТАГ

13 ақпан 2015, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.