Ресейлік теннисші Мария Шарапова Федерация Кубогының жартылай финалында ел құрамасы үшін өнер көрсетпейді. Бұл туралы Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Мария Германияның Штутгарт қаласындағы турнирге қатысуды жоспарлап отыр, осыған байланысты ел құрмасы үшін ойнаудан бас тартуға тура келген, деп жазады utro.ru.
«Өткен жылы ол Штутгарттегі турнирді жеңген болатын, биыл ұтып алған ұпайларын қорғап қалуы керек. Ал жарыстар бір уақытта өтетіндіктен, Шарапова Федерация Кубогы матчтарына қатыса алмайды», - деп түсіндірді Тарпищев.
Естеріңізге сала кетейік, Шарапова 1/4 финалда Польшаға қарсы ойнап, Ресей қоржынына екі ұпай салған болатын.
Федерация Кубогының жартылай финалы 18 және 19 ақпанда өтеді. Ал Шарапова қатысатын Штутгарттегі турнир 20 ақпанда басталады.
Дереккөз: bnews.kz