Атырау, 28 қараша 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бөліске түскен саябақ

1 994 просмотра

«АЖ»-ға Балықшыда тұратын бірнеше оқырманымыз хабарласты. Олар осы тұрғын үй массивіндегі жалғыз демалыс орны – Достық саябағын бөліп, талап жатыр деген пікірде.

«Атырауда, шындығында, саябақтар жоқ. Жалғыз саябақ – тұрғын үй қалашығында сақталып қалған саябақтың қалғаны және осы біздің Балықшыдағы саябақ. Билікке алғыс айту керек, бірнеше жыл бұрын олар бұл аумақты абаттандырып, тұрғындар жолы мен саяжол салып, орындықтар, көше шамдарын орнатып, балалар және спорт алаңдарын жабдықтады. Суару жүйесі де бар, сондықтан жазда бұл жердің ауасы таза әрі жасыл желекке оранады. Бұл саябақта тек жергілікті тұрғындар емес, қаланың басқа аудандарынан да балаларын ертіп ата-аналар келеді, - деп әңгімелейді Балықшы тұрғыны Марина УШАКОВА. – Ал, енді ше? Бір кезде саябақтың үлкен бөлігі «Эльдорадо» мейрамханасына кетті. Кейін тағы бір бөлігіне жаздық кафе жайғасты. Енді, міне, жақында тағы бір үлкен бөлігін қайыршақтасты биік дуалмен қоршап тастады. Бұл жерде тағы мейрамхана салады деген сыбыс бар. Нәтижесінде бізге серуендейтін жер қалмайды. Тағы білгіміз келгені: жалпы қолданыстағы жерден коммерциялық нысандарға жер телімдерін бөлу қаншалықты заңды?»

Тұрғындардың сұрақтарын біз Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына жолдадық. Редакция сауалына жауап берген мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТІҢ хатында былай делінген: «Оқырманның сауалы бойынша прокуратура тексеру жүргізіп, 31.07.2000 күнгі №241 Балықшы ауылдық әкімшілігі басшысының шешімімен кәсіпкерге кафе-бар құрылысын жүргізу үшін ауданы 855 ш.м. болатын жер теліміне жекеменшік құқығы берілгендігін анықтады. Шешімге сәйкес телім бөлінбейді, өткел құқығы бар, жерді қолдану құқығы шектелмеген, құрылыс аяқталғанша сату құқығы жоқ.

Аталған шешімнің заңдылығын тексеру барысында жер телімін беру кезінде қаланың бас жоспарына сәйкес оның жалпы қолданыстағы жерлер құрамына (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін көшелер, өткелдер, жолдар, жағажайлар, саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар, су тоғандары, жағажайлар және өзге де нысандарға арналған жерлер) енгізілгені анықталды. Заңға сәйкес жалпы қолданыстағы жер телімдерін жеке меншікке тек сол жер телімдерінің жалпы қолданыстағы жерлер құрамынан шығарылғаннан кейін бере алады. Бірақ талап-арыздың ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты прокурорлық әрекет актісін енгізу мүмкін болмады».

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

15 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.