«Теңізшевройл» ЖШС-ның үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджері Ризабек АРТЫҒАЛИЕВРедакциядағы Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) құрылысының тоқтауы және Теңіздегі кадрларды қысқарту күтіп тұрғандығы туралы мәліметтерді «Теңізшевройл» ресми түрде жоққа шығарып отыр.
Мұнай бағасының төмендеуі нәтижесінде туындаған жағдай көптеген мұнай өндіру компанияларының ірі жобаларына түзетулер енгізді. ТШО анағұрлым ұзақ кідіріс жасады, бірақ ол да Атырауда қазақстандық министрлердің жуырдағы сапары кезінде БКЖ-ны оңтайландыру туралы ақпарат айтылғанда шыдай алмады.
Және, шешімді созғанға ұқсайды – қалай болғанда да жобаға жақында ғана жаңа адамдарды жинап, оларды жалдау шарттарын талқылады және тіпті олардың жұмысқа шығатын күндерін де белгіледі, бірақ соңғы сәтте наурыздан бастап шығуға тиіс болғандарды тоқтатып қойды.
Біздің ақпаратымыз бойынша, ақпанның басында қызметкерлерге жоба тоқтатылады деп жариялады, нақтырақ айтсақ, жобалау жалғастырылады, бірақ бәсеңдетілген қарқынмен жүреді, ал құрылыс белгісіз уақытқа, бәлкім, төрт немесе одан да көп жылға толықтай тоқтатылуы мүмкін. Соның салдарынан Теңізде мердігер құрылыс компанияларының үш мыңға жуық қызметкерлеріне дейін қысқартылуы мүмкін.
ТШО компаниясының ресми өкілдері бұл әңгімені теріске шығарды:
–Жобаны тоқтатады деп ешкім айтқан жоқ: жобалау жүріп жатыр, сол вахталық поселке, жолдар құрылысын салу үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр, – деді телефон арқылы «Теңізшевройл» ЖШС-ның үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджері Ризабек АРТЫҒАЛИЕВ. – Бағалардың төмендеуіне байланысты барлық шығындарды оңтайландыру жүріп жатыр, әзірге қаржыландыру туралы ақырғы шешім жоқ.
– Жобаның қаржылық жайы туралы ақырғы шешім қашан қабылданады?
– Осы жылдың аяғында деп отырмыз. Қысқарту? Мен ондай ештеңе естіген емеспін. Жұмысқа жаңадан қабылдау бола қоймас, бірақ, қысқартулар туралы әзірге естімедім.
Естеріңізге салайық, бастапқыда БКЖ аясында мұнайды тұрақтандыруға арналған жаңа зауыт салу жоспарланған, онда шикізат жаңа жинау жүйесінің айналмалы магистралы арқылы жеткізіледі. Бүкіл ілеспе газ бірнеше шикі газ айдау компрессорларының көмегімен кері коллекторға айдалады. Одан бөлек, қысым көбейтетін орталық қондырғы салынуы тиіс, бұл саға қысымын басқару нысанын қажетті көлемнің деңгейін және шикі мұнай қысымын қамтамасыз етеді. БКЖ енгізумен бірге Теңізде мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн-ға көбейту жоспарланып отыр, яғни 38 млн-ға дейін көбейтілмек.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА