Атырау, 4 қазан 20:30
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

"Қазақстан Дауысы" жобасының жеңімпазы анықталды

3 418 просмотра

Маңғыстау облысынан келген Бауыржан Ретбаев "Қазақстан Дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның тәлімгері Алмас Кішкенбаев болды.

Жобаның гранд-финалында басты сыйлық - бес миллион теңге мен дыбыс жазушы компаниямен жасалатын келісімшарт үшін төрт сайыскер бақ сынады. Олардың өнер көрсетуінен соң SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша бір-бір сайыскер шығып қалып отырды.

Жобадан алғаш болып Мақсат Мақұлбеков шығып кетті, оның тәлімгері - Медеу Арынбаев. Гранд-финалда ол опера әншісі Сүндет Байғожинмен бірге ән салды. Екінші болып Мәдина Сәдуақасованың шәкірті Индира Еділбаева шығып қалды. Ол финалда халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге өнер көрсетті. Бауыржан Ретбаевтың басты қарсыласы түркістандық Данияр Исмаилов болды, оған екінші орын бұйырды.

Әлемге әйгілі The Voice теледуманының қазақстандық баламасы 2013 жылдың жазында басталды. Мұнда қатысушылардың дауысына ғана мән беріледі. Алғашқы іріктеу кезеңінде тәлімгерлер үміткерлерді теріс қарап отырып тыңдап, таңдайды. "Қазақстан Дауысы" жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы қостанайлық Шахаризат Сейдахмет болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 ақпан 2015, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.