Атырау, 26 қараша 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Нұрбанк басшылығы қызметкерлерін өздерінің құс фабрикасының бройлерін сатып алуға міндеттеді – дерек көзі

1 835 просмотра

Фото: amb31.ruФото: amb31.ruАлматы. 16 ақпан. ҚазТАГ – «Нұрбанк» АҚ басшылығы қызметкерлерін өздерінің құс фабрикасының бройлерін сатып алуға міндеттеді, деп хабарлады ақпаратқа қанық дерек көзі.

«Банк қызметкерлеріне ол акционерлердің біреуінің тапсырмасы деп түсіндірілді. Тауықтарды сату өткен аптада банктің бас кеңсесінің жанында ұйымдастырылды. Ал мұз етіп қатырылған тауық етінің килограммының бағасы 450 теңге болды. Сондықтан Нұрбанк қызметкерлері өздерінің Алматыдағы басқа банктердегі әріптестеріне осы тауықты алуды ұсынып, телефон шалыпты. Тауық көп сатылды – 3 тоннадай», - деді сұхбатшымыз.

ҚазТАГ-та тауық сатып алған банк қызметкерлерінің, сондай-ақ «Балапан бройлер» («Цыпленок-бройлер») орама қағаздарындағы тауар сертификаттарының фотосуреттері бар. Онда құс фабрикасы Семей қаласында Фабричный тұйық көшес, 17 үй мекен жайында орналасқаны көрсетілген. Кәсіпорын «Восток Бройлер» ЖШС деп аталады. Редакция дерек көзінің ақпараты қаншалықты шын екенін анықтауға тырысты.

Банктен агенттік тілшісіне шынымен де банк ғимаратының маңында тауық сатылғанын растады.

«Мен білмедім (тауық сатқан компания Нұрбанкпен үлестес екенін және ол құс фабрикасы банк акционерлеріне қатысы барлығын – ҚазТАГ)», - деді Нұрбанк баспасөз хатшысы Айгүл Касенова.

«Біз өз бетімізше сатып алдық, ешкім ешкімді мәжбүрлемеді. Тіпті бүгін (13 ақпанда – ҚазТАГ) бізде банкте мейрам, барлығы қуанышты, ешкім де мәжбүрліктен зардап шегіп жүрген жоқ», - деді ол.

Бұл ретте, қазақстандық автоөнеркәсіп пен құс шаруашылығы басшылары үкіметтен Ресейден автомобиль мен құс етінің экспортын доғаруды талап еткенін еске салған жоқ. Белгілі болғандай, ол мәселе ЕАЭО-ның бір комиссиясында көтерілген. Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев осы жаңдайға үзілді кесілді түрде, Ресей тауарларына ешқандай шектеу болмайды деп мәлім етіпті. 

Дереккөз: ҚазТАГ

16 ақпан 2015, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.