Атырау, 25 қараша 11:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Испания королі өз еңбекақысын қысқартты

1 894 просмотра

Фото: kommersant.ruФото: kommersant.ruАСТАНА. ҚазАқпарат - Испания королі Филипп VІ өзінің жалақысын қысқарту жөнінде шешім қабылдады. Сөйтіп, ол өзінің алдында король болған Хуан Карлостың кезіндегі жалақыға қарағанда 20 пайыз аз алатын болды. Нақтырағын айтсақ, ол енді салықтық алымды есепке алмағанда жылына  234 мың еуро табады. Бұл бұрынғы жалақыдан 58 мың еуроға аз.

Король отбасының басқа мү­шелерінің табыстары да король еңбекақысына байланысты болғандықтан, олардың кірістері де қысқара түсетін болады. Мәселен, Хуан Карлос биылғы жылы 36 пайызға аз табыс табады. Ал королева  Литистің жалақысы 26 пайызға, королева Софияныкі 20 пайызға қысқара түседі.

Король отбасының және корольдік әкімшіліктің шығын­дарына биылғы жылы мемлекеттік бюджеттен 7,8 миллион еуро қарастырылған. Бұл былтырғы жылдың шығындарымен сәйкес көрсеткіш, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Дереккөз: inform.kz

13 ақпан 2015, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.