Әйгілі киноактер Джеки Чанның ұлы 6 ай түрмеде жатып, бүгін ғана босап шықты. Бұл туралы Орталық қытай телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.
33 жастағы Джейси Чанның соты 2015 жылдың қаңтарында Пекинде өтті. Әртістің ұлы заңсыз есірткі сатумен айналысып, жарты жылға сотталған болатын. Бұған қоса, ол 2 мың юань (320 АҚШ доллары) айыппұл төлеуге міндеттелді.
Джейси Чан өткен жылдың тамыз айында сотталғандықтан, оның жазасының мерзімі ақпан айында аяқталды.
Медициналық тексерудің қорытындысы Джейси Чанның марихуана тұтынғанын растады. Кейіннен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның үйін тінтіп, 100 грамм есірткі затын тәркілейді.
Қытай заңы бойынша оған 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы тиіс еді. Сөйтіп, ол әкесінің беделінің арқасында бас-аяғы 6 айға ғана қамалды.
Дереккөз: bnews.kz