Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау-Орал тас жолындағы апаттан төрт адам көз жұмды (толықтырылды)

7 170 рет қаралды

Көрнекі суретКөрнекі сурет14 ақпанда  Атырау - Орал тас жолында Сарайшық поселкесінің маңында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.
Полиция мәліметінше, «ЗАЗ Шанс» көлігі көп тонналы фурамен бетпе-бет соқтығысқан. Апат cалдарынан сол жерде жеңіл көлік ішіндегі 4 адамның барлығы көз жұмды. Апат себебі тергелуде.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, тіркемелі МАЗ көлігін жүргізіп келе жатқан 46 жастағы Орал тұрғыны Атырау-Орал көлік тас жолының 47-ші шақырымында «алдыңғы сол жақ дөңгелек шанағының өздігінен зақымдалу» салдарынан рөліне ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Атырау қаласының 38 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ЗАЗ - Шанс» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Нәтижесінде «Шанс» жүргізушісі мен оның 70, 61 және 54 жастағы үш жолаушысы алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды. Апат себептерін тергеумен ІІД анықтау басқармасы айналысуда.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 ақпан 2015, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.