Атырау, 26 қараша 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандық ғалымдар онкоаурулармен және кәрілікпен күресу үшін кішкентай молекулаларды пайдалануға ниетті

1 575 просмотра

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – Nazarbaev University «Өмір туралы ғылымдар орталығындағылар» онкоаурулармен және кәрілікпен күресу үшін кішкентай молекулаларды пайдалануға ниетті, деп хабарлады орталық директоры Жақсыбай Жұмаділов.

«Оксфорд университетімен және Кардифф Университетімен бірлесіп жүргізген ғылыми зерттеулер нәтижесінде жалғыз жасуша ішілік тетіктердің ғана емес, сонымен бірге жасуша сыртының да кәрілікке және онкопатологиялардың пайда болуына әсер ететіні анықталды. Енді біздің алдымызда мәселе тұр: жасушы сыртындағы кеңістікке қалайша ықпал етіп, жасушалардың қартаюы мен онкопатологиялардың пайда болуын өзгертіп, ескертуге болады. Осы мақсат үшін кішкентай молекулалар синтезделіп, Оксфорда Университеті және Кардифф Университетінің маман дарымен бірлесіп қабылданған», - деді Ж. Жұмаділов жұма күні мемБАҚ-қа берген сұхбатында.

Мұнымен қатар ол бұл зерттеулердің жаңа емдеу стратегияларын жасап шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біздің алдын ала нәтижелер кішкентай молекулаларды жасуша маңы кеңістігіне енгізу кезінде олардың жасушамен өзара әрекеттесіп, оның қартаюын ескертетінін, сондай-ақ онкопатологиялардың дамуына кедергі болуы мүмкін тетіктерге ықпал ететінін айғақтайды. Енді біз тек кәрілік үдерісін ғана емес, сонымен қатар онкоаурулардың даму үдерісін зерттегіміз келеді. Бұл зерттеулер бізге жаңа емдеу стратегияларын жасап шығарады деп үміттенуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Ж. Жұмаділов. 

Дереккөз: ҚазТАГ

13 ақпан 2015, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.