Оқиға Балық қытайлық ау құралымен құртылуда 18 қазанда Дамбы балық инспекциясы (балық қорғау) бөлімінің ауласында 30 шақты браконьерлік ау-құралы мен қолдан жасалған «астау» түріндегі тоғыз қайық өртелді. 18 қазан 2013, 17:52 3 250 просмотра
Оқиға ТШО автобусы үйдің жартысын құлатып кетті (толықтырылды) Бүгін кешке Атырауда «Теңізшевройлға» тиесілі үлкен автобус Ә. Молдағұлова көшесіндегі 211-үйге кіріп кетіп, үйдің жартысын құлатқан. Үй қожайынын «Жедел жәрдем» алып кетті. 17 қазан 2013, 00:00 4 182 просмотра
Оқиға Оқиғалар тізбегі Полицияға Атыраудың 25 жастағы тұрғыны хабарласты. 8 қазанда сағат 19-да Азаттық даңғылының бойындағы супермаркеттердің бірінің жанына қойылған өзіне тиесілі «Ауди» көлігінен құны 45 мың теңге тұратын ұялы телефоны жоғалып кеткен. Құлсары қаласының орталығында 10 қазанда 41 жастағы жүргізуші «Фольксваген-Пассат» көлігінің рөліне ие бола алмай, бағанаға соққан. 17 қазан 2013, 00:00 2 696 просмотра
Оқиға «Волейбол ісі» бойынша айыпталғандар 8 жылға сотталды «Волейбол процесі» («Волейбол процесі», «Волейбол ісі: 16 қазанда үкім шығарылады») аяқталды. Бүгін, 16 қазанда үкім шығарылды: сотталушылар мүлкін тәркілеумен және 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдық жұмыс істеу құқығымен қатар 8 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алды. 16 қазан 2013, 17:06 1 792 просмотра
Оқиға Ателье қожайынын өлтіру қылмысы ашылды 13 қазанда Махамбет көшесінің бойындағы үйлердің біріндегі пәтерден 30 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Бұл үй иесі болып шықты. Оған тоғыз жерден пышақ жарақаты салынған. 16 қазан 2013, 14:53 2 006 просмотра
Оқиға Ұрылар үндерін шығармауға тырысқан 14 қазанда №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топты ұстады. 16 қазан 2013, 14:53 2 403 просмотра
Оқиға Пышақ жарақаты 13 қазанда таңғы сағат 4-те құрсақ қуысынан пышақ жарақатын алған Атырау қаласының 32 және 37 жастағы тұрғындары облыстық ауруханаға түскен. 15 қазан 2013, 22:23 2 855 просмотра
Оқиға «Волейбол ісі»: 16 қазанда үкім шығарылады «Атырау» волейбол командасының бұрынғы басшылығы мен бухгалтеріне қатысты сот процесінің аяқталуы жақын. Мемлекеттік айыптаушы ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 253 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген «Атырау» облыстық волейбол командасы» МҚКК директоры Жеңісбек МҰХАНБЕТЖАНОВ, бас бапкер Александр ЗАПЕВАЛОВ пен бухгалтер Светлана ХАРКИНА үшін 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. 14 қазан 2013, 13:27 3 621 просмотра
Оқиға Тапа-тал түстегі сұмдық (+ҚІІБ комментарийі) Белгісіз біреу «Ақ Жайық» редакциясына бейнеролик жолдаған екен. Оны көргенде тіпті біздің ұжымдағы ерлер қауымының да жандары түршікті. 12 қазан 2013, 15:11 9 637 просмотра
Оқиға Лаңкестікке айыпталғандар 6-дан 14 жылға дейінгі мерзімге сотталды Бүгін, 10 қазанда, Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Атырау облысының тоғыз тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің лаңкестік туралы баптары бойынша үкім шығарылды. 10 қазан 2013, 20:52 3 579 просмотра
Оқиға Оқиғалар хроникасы Полицияға Атырау қаласының 60 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол Азаттық даңғылы бойындағы жалдамалы пәтерде өзін 41 және 29 жастағы екі әйелдің тонап кеткеніне шағымданды. ҚІІБ-не Атырау қаласының 26 жастағы тұрғынынан шағым түсті. 6 қазанда таңғы сағат 7-де өз көлігінен құны 132 мың тұратын «Айфонды» жолаушы ұрлап кеткен екен. 9 қазан 2013, 16:09 3 222 просмотра
Оқиға Алаяқтың айласы іске аспады 3 қазанда Құлсары қаласының 52 жастағы тұрғыны Жылыой АІІБ-не өзінің алаяқтың құрбанына айналғанын хабарлады. 4 қазан 2013, 16:35 1 905 просмотра
Оқиға Ендігі кезек – баскетболда Атырау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік (қаржы полициясы) департаменті «Атырау барыстары» облыстық баскетбол командасы» КМК директоры Болат МҰХАМБЕТҚАЛИЕВҚА қатысты ҚР ҚК 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті. 3 қазан 2013, 17:34 2 055 просмотра
Оқиға Түрмеге түсе жаздады №2 Атырау қалалық сотында құны 27 000 теңге тұратын ұялы телефонды ұрлаған кәмелет жасына толмаған жасөспірім қызға қатысты қылмыстық іс қаралды. 2 қазан 2013, 14:46 1 854 просмотра
Оқиға Сот алаяқтың табандылығын бағалады Атырауда 2011-2013 жылдар ішінде 30 адамды алдаған пәтер алағына сот үкімі шығарылды. 27 қыркүйек 2013, 17:00 2 512 просмотра
Оқиға Алаңдағы түнгі шабуыл Атырауда жексенбіге қараған түні Исатай—Махамбет алаңында бірнеше бұзақы серуендеп жүрген үш жас қызға шабуыл жасапты, екеуі қашып кеткен, ал біреуі қылмыскерлердің қолына түсіп қалыпты, олар жүргіншілерден де, бейнебақылау камераларынан да қорықпай, оны пышақпен тілгілеп тастапты деген қауесет желдей есті. 26 қыркүйек 2013, 00:00 2 305 просмотра
Оқиға Оқиғалар хроникасы Қыркүйектің 21-інде кешкісін Атырау ықшамауданында Жібек жолы көшесіндегі жеке үйдің ауласында сарай өртенді. Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 30 жастағы тұрғынынан шағым түсті. Оның үйіне Қосшағыл селосынан 28 жастағы танысы кіріп келіп, күшпен қолындағы 2 алтын сақинасын шешіп алып, көзден таса болған. 26 қыркүйек 2013, 00:00 2 071 просмотра
Оқиға Вокзалдағы дүрбелең Бүгін, 24 қыркүйекте сағат 11-лер шамасында Атырау қаласының теміржол вокзалы ғимаратында дабыл жарияланды. Адамдар ғимараттан қауіпсіз жерге көшірілді. 25 қыркүйек 2013, 15:08 2 916 просмотра
Оқиға Лаңкестік жасады деп айыпталуда 23 қыркүйекте Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта лаңкестікке айыпталған тұлғалар тобына қатысты сот үрдісі басталды. 25 қыркүйек 2013, 15:06 2 927 просмотра
Оқиға Өз баласынан бас тартты Қыркүйек айының 17-сі күні Құлсары қаласындағы 1-ші ескі ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің ауласынан құндақтаулы бала табылған.Бұл туралы полицияға хабар тұрғындардан түскен. 23 қыркүйек 2013, 15:59 3 986 просмотра
Оқиға Оқиғалар тізбегі Қыркүйектің 9-ында тал түсте Қызылқоға ауданының Миялы селосында белгісіз біреулер ЖШС-лердің бірінің базасының аумағынан 3 машина құмды-қиыршық тасты қоспаны ұрлаған. Сарықамыс ықшамауданында белгісіз біреулер үй жанына қойылған «Фольксваген-Гольф» көлігінен ішінде 130 мың теңгесі бар сөмкені ұрлаған. 18 қыркүйек 2013, 14:28 1 947 просмотра
Оқиға Алаяқтық істі қарау кейінге қалдырылды Өткен бейсенбіде қалалық №2 сотта алаяқтық ісі бойынша сот тыңдауы басталуы тиіс еді. Айыпталушылар – қызы мен анасы. Шамамен, олардың әрекеттерінен жалпы сомасы 20 млн теңге сомада 30 шақты адам зардап шеккен: әйелдер мемлекеттік қордан пәтерлер, жер телімдерін, құрылыс материалдарын алып береміз деп уәде еткен. 17 қыркүйек 2013, 12:08 3 025 просмотра
Оқиға Атқорадағы қастандық Жылыой аудандық ІІБ-не Тұрғызба селосының тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің 12 мың АҚШ доллары тұратын жылқысын бәйге алдында қасақана жаралағанын айтты. 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 022 просмотра
Оқиға Қылмыс хроникасы Қыркүйектің 5-іне қараған түні драма театры ғимаратының жанында белгісіз біреу 32 жастағы әйел адамға шабуыл жасап, ішінде 86 мың теңгесі бар сөмкесін тартып алған. Қыркүйектің 6-да жұмыс күнінің соңында Бигелдинов көшесінің бойындағы ЖШС-лардың бірінің базасынан 50 метр электр желісін ұрламақ болған осы ЖШС-нің екі қызметкері ұсталды. 11 қыркүйек 2013, 15:00 3 340 просмотра
Оқиға Полицей оң мінездемесімен зонаға кетеді Индерлік полицейге есірткі саудасымен айналысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. 10 қыркүйек 2013, 15:33 1 867 просмотра