Атырау, 28 наурыз 21:47
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Волейбол ісі» бойынша айыпталғандар 8 жылға сотталды

1 781 просмотра

«Волейбол процесі» («Волейбол процесі», «Волейбол ісі: 16 қазанда үкім шығарылады») аяқталды. Бүгін, 16 қазанда үкім шығарылды: сотталушылар мүлкін тәркілеумен және 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдық жұмыс істеу құқығымен қатар 8 жылға бас бостандығынан айырылу жазасын алды.

«Атырау» облыстық волейбол командасы» МҚКК директоры  Жеңісбек МҰХАНБЕТЖАНОВ, бас бапкер Александр ЗАПЕВАЛОВ және бухгалтер Светлана ХАРКИНА 314-баптың 4-тармағы («Қызметтiк жалғандық жасау»), 307-баптың 4-тармағы («Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану»), 235-баптың 3-тармағы («Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу») бойынша айыпталды.   Мұханбетжанов пен Запеваловқа қатаң режимдегі, Харкинаға жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім кесті. Жас әйел үшін үкімді орындау уақыты 2001 жылғы кішкентай баласы 14 жасқа толғанша кейінге қалдырылды. Осы уақытқа дейін ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен жүреді.

Атырау қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира ДӘУЛЕТОВА зардап шегуші тараптың – облыстық дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасының 239 миллион теңгеден астам мөлшердегі талап-арызын қанағаттандырды. Сотталушылардан мемлекет пайдасына 2 млн теңге сомасында мемлекеттік баж салығы өндірілетін болады. Үкім сот залына қатысушылар, соның ішінде сотталушылардың өздері, олардың туыстары мен адвокаттары үшін күтпеген жайт болды.

Біз үкіммен толықтай келіспейміз. Міндетті түрде шағымданатын боламыз, - деді үкім жарияланғаннан кейін адвокат Игорь ВРАНЧЕВ. Сот процесінің барысында барлық құжаттар ұсынылды, ал Атырау облыстық қаржылық бақылау инспекторы өз қорытындысымен бұл соманың ұрланбағанын, оның ойыншылардың еңбекақыларын төлеу үшін негізсіз жұмсалғанын растаған еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

16 қазан 2013, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.