Атырау, 24 қараша 17:34
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 7 және 9 мамыр күндері атап өтілмейді

855 просмотра

Бұл туралы Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады.

«Қазіргі уақытта Атырау облысы әкімінің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, бұл барлық мерекелік іс-шараларды өткізудің ұстамды форматын білдіреді.

Әлеуметтік маңызы бар және әлеуметтік пайдалы бастамаларды жүзеге асыру қажеттігіне ерекше назар аударылады. Ерекше шығынды бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-ойын-сауық іс-шараларын шектеу немесе кейінге қалдыру ұсынылады.

Осыған байланысты Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар жалпықалалық деңгейде аталып өтілмейді», — делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада. 

5 мамыр, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.