Атырау, 18 мамыр 18:39
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев пен Бектенов қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

299 просмотра

Ақорда мен үкіметтің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олжас Бектеновтың Пасха мерекесімен құттықтауын жариялады.

"Құрметті еліміздің православ қауымы!

Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.

Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.

Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!" - делінген мемлекет басшысының құттықтауында. 


Үкімет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады. 

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ұлтаралық татулық пен этносаралық келісім үйлесім тапқан біздің еліміз үшін де ерекше мейрам.
Халқымыздың ауызбіршілігі, ұлт пен ұлыстың және түрлі дін өкілдерінің өзара сыйластығы — тәуелсіз мемлекетіміздің ең үлкен байлығы. Осынау рухани кемел құндылықтарды ұлықтай білген қазақстандықтар әрдайым бір-бірін мейірімге, шынайы бауырластыққа, ізгі қадамдарға үндейді. Қуанышты күні шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. 

Еліміздің барша православ христиандарына және отандастарымызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, толайым табыс тілеймін!», - делінген премьер-министрдің құттықтау сөзінде. 

5 мамыр, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.