Атырау, 5 сәуір 2254
 бұлттыВ Атырау +14
$ 504.34
€ 556.34
₽ 5.97

Атырауда көпқабатты үйдің балконы өртенді

802 просмотра 1 комментарий

4 мамырда сағат 17:00-де Атырау қаласы М.Өтемісұлы көшесінің бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінің  балконынан түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті. 

Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минутта жетіп, тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы балконның жанып жатқанын анықтады. Өрт алты минутта оқшауланып, өртке ұласуына және пәтерге таралуына жол бермеді. 

Жану кезінде аталған тұрғын үйден 27 адам, оның ішінде 7 бала өздігінен  эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкері, 3 бірлік техника жұмылдырылды. 

Облыс тұрғындары мен қонақтарын пәтердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

5 мамыр 2024, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16