Атырау, 22 желтоқсан 23:11
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Бекіре-2024»: 9 тоннадан астам балық тәркіленді

803 просмотра
Көрнекі сурет

Акция басталғалы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР ҰҚК құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасының 533 бұзушылығын анықтап, жолын кесті, нәтижесінде 386 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау баптары бойынша 50 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 11,6 млн теңге айыппұл салынды.

- Заңсыз айналымнан 9 тонна 729 келі балық, оның ішінде 1 тонна 412,2 келі бекіре тұқымдас балық, 6 келі 028 грамм бекіре уылдырығы, 82 бірлік аулау құралы және 25 бірлік су көлігі тәркіленді, - деп атап өтті «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Олег ТУШКАНОВ.

Күн сайын өзен арнасы мен теңіз суларын тазарту нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 266 шақырымнан астам 797 заңсыз аулау құралдары алынды.

Акция 2024 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 мамыр, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.