Атырау, 23 сәуір 15:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Тапа-тал түстегі сұмдық (+ҚІІБ комментарийі)

9 633 просмотра

Белгісіз біреу «Ақ Жайық» редакциясына бейнеролик жолдаған екен. Оны көргенде тіпті біздің ұжымдағы ерлер қауымының да жандары түршікті.

…Екі қыз кафеден үшінші қызды сүйреп алып шығып, оны аяқ-қолдарымен аяусыз тепкілеп, басын асфальтқа ұрып-соға бастады. Кафе қызметкерлері оларға кедергі жасауға тырысуда, Бірақ осы кезде орнынан тұра берген зардап шегуші қыз: «Короче, я в ментовку еду» деп, кетіп қалмақ болады. Бұл сөзге екі қыз одан сайын құтырып, соққыны төпете түседі. «Из-за тебя, овца, меня и её менты твои искать не будут», «Тебя ещё твои же мусора угробят», «Убить тебя хочу, тварь!»- деп ақырып-бақырады олар. Зардап шегуші, шамасы, осы уақыт бойына салқынқандылықпен болып жатқан оқиғаны ұялы телефондарына түсіріп жатқандардан болуы керек, полиция шақыруды өтінеді. Түсірілім төбелес нағыз қызған шақта үзіліпті. «АЖ» тілшісі оқиға болған жерде болып қайтты. Бұл «Премьер Атырау» тұрғын кешеніндегі Salem Gold кафесінің алдында болған екен. Кафе қызметкерлерінен тек әкімші ғана менімен сөйлесуге келісім берді:

– Бұл қыркүйектің соңы болатын. Үш қыз бізде отырған еді. Содан кейін араларында ұрыс-керіс басталып, екі қыз үшіншісін сыртқа шығарып алды. Сол жерде жанжалдарын жалғастырды. Әрі қарай не болғанынан бейхабармыз, бұл біздің ғимараттан тыс болды. Мұның бізге қатысы жоқ.

–Сіздер полиция шақырған жоқсыздар ма?

– Жоқ, кейін полицейлер өздері келіп, соққыға жығылған қызды алып кетті.

–Ал ұрып-соққан екі қызды ше?

–Әкетпеген сияқты, білмейміз.

Бұл жағдайда екі қыздың қатыгездігіне ғана емес, «операторлардың» шімірікпегеніне, сондай-ақ кафе қызметкерлерінің, үй тұрғындарының, сондай-ақ өтіп бара жатқан адамдардың селқостығына қайран қалмасқа болмайды.

Айта кетелік, көрші Ресейде құқық бұзушылық әрекеттер түсірілген бейнероликтер қылмыстық істердің қозғалуына себеп болып жатады. Біздің полиция да сырт қалмас деген үміттеміз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

 

ҚІІБ комментарийі

Salem Gold кафесінің алдындағы төбелес туралы Атырау ҚІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ былай дейді:

- Бұл 26 қыркүйекте 14 сағат 30 минутта орын алған оқиға. Полицияға кафе қызметкерлері немесе өтіп бара жатқан жүргіншілер емес, облыстық аурухананың медицина қызметкерлері қоңырау шалды. Оларға 29 жастағы қыз түскен екен. Сол жерге тергеу-жедел тобы барды. Зардап шегуші шағым түсірді. 257-баптың 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қыздар арасындағы төбелестің бірге спирттік ішімдіктер ішіп, араларында ұрыс-керіс басталуы себепті орын алғандығы анықталды. Қылмыс жасады деп күдіктелген тұлғалар – 20 және 29 жастағы Атырау мен Ақтөбенің тұрғындары ұсталды. Бастапқыда олар 5 тәулікке әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде оларға басқа жаққа кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Зардап шегушіге сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылды. Алайда сарапшылардың қорытындысы тергеушілерге әзірге берілген жоқ, сондықтан зардап шегуші алған зақымның ауырлық дәрежесін анықтау мүмкін болмай отыр. Өткен аптада ол облыстық ауруханадан сауығып шықты.

Қыздардың төбелесін бейнежазбаға түсірген тұлғаға қатысты ҚІІБ-нің оны жауапкершілікке тартуға негізі жоқ. Бұдан басқа, ол түсірген бейнежазба әлі аяқталмаған қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді.  

ҚІІБ басшылығы Атырау қаласы әкімінің атына кейбір көңіл көтеретін орындардың жұмыс уақытын шектеу туралы ұсыныс жолдады. Статистика бойынша бұл жерлерде қылмыстар көп тіркеледі.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Назар аударыңыз! Бейнежазбада әдепсіз сөздер мен зорлық-зомбылық көріністері бар 18+!

12 қазан 2013, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.