Атырау, 29 наурыз 21:03
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар хроникасы

3 195 просмотра

Полицияға Атырау қаласының 60 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол Азаттық даңғылы бойындағы жалдамалы пәтерде өзін 41 және 29 жастағы екі әйелдің тонап кеткеніне шағымданды. Күдіктілер ұсталды. Әмиян мен 70 мың теңге ақша қожайынына қайтарылды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Құлсарыда дәнекерлеуші боп жұмыс істейтін Ақтөбе қаласының жас тұрғыны Жылыой АІІБ-не 2 қазанда кешкісін оны көшеде белгісіз ер адамның соққыға жыққанын мәлімдеді. Оның суреттеуі бойынша 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

***

 

Атырау – Астрахань көлік жолында 3 қазанда Исатай ауданының Ерғалиев атындағы ауылының 67 жастағы тұрғыны «Нива» көлігін жүргізіп келе жатып, көлік рөліне ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы келе жатқан 47 жастағы Литва азаматы жүргізіп келе жатқан «Вольво» көлігіне соқтыққан. Алынған зақым салдарынан «Нива» жүргізушісі сол жерде көз жұмды.  

***

 

Қазанның 4-інде су полициясының қызметкерлері Атыраудан «Лада» ВАЗ-21073 көлігін тоқтатып, жүк салғышынан 19 келі жаңадан ауланған қортпа балығын тапқан. Балық 58 жастағы жолаушыға тиесілі екен. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Сол күні Құрманғазы АІІБ-не 82 жастағы зейнеткер өзінің 23 жастағы немересінің үстінен шағым түсірді. Үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде ол атасына тиесілі 17 ешкіні алып кетіп, қайтармаған. Тергеу басталды.

***

 

Атырау қаласының тұрғыны алматылық 24 жастағы алаяқтың құрбандығына айналғанын мәлімдеді. Ол оңтүстік астанадан шетелдік маркадағы көлік үшін қосалқы бөлшектер әкелуге уәде беріп, одан 58 мың теңге алып, ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Полицияға Атырау ықшамауданының 54 жастағы тұрғыны хабарласты. 6 қазанға қараған түні Азаттық даңғылы бойындағы жалдамалы пәтерде 47 жастағы танысы оның ұялы телефонын ұрлап алған. Күдікті ұсталды.

***

 

ҚІІБ-не Атырау қаласының 26 жастағы тұрғынынан шағым түсті. 6 қазанда таңғы сағат 7-де өз көлігінен құны 132 мың тұратын «Айфонды» жолаушы ұрлап кеткен екен. Ұрлық жасады деген күдікпен Холодильник ауылының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Полицияға 42 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Ол Авангардтың 32 жастағы тұрғыны өткен жылдың қарашасында өзінен жалға көлік алып, осы уақытқа дейін жиналып қалған 475 мың теңге көлеміндегі жалдау ақысын әлі күнге дейін қайтармағанын мәлімдеді. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Полицияға 34 жастағы ер адам хабарласты. 6 қазанға қараған түні Авангардтағы кафелердің бірінде оған 40 жастағы әйел адам дене жарақатын салыпты. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қазанның 7-сінде күндіз полиция қызметкерлері Сәтпаев даңғылынан 19 жастағы жүргіншіні ұстаған. Оның сөмкесінен нөмірі жоқ 16-шы калибрлі тегіс оқпанды қару табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Қазанның 7-не қараған түні Таңдай поселкесінде «Мицубиси-Монтеро-Спорт» көлігінің жүргізушісі Исатай АІІБ қызметкерлерінің тоқтау туралы талабына бағынбаған. Қуғындау нәтижесінде көлік Махамбет поселкесінің маңында тоқтатылды. Салоннан бір тоннадан астам қара балық тұқымдастар табылған. Жүргізуші Батыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны екен.

9 қазан 2013, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.