Атырау, 19 сәуір 05:16
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алаяқтық істі қарау кейінге қалдырылды

3 020 просмотра

Өткен бейсенбіде қалалық №2 сотта алаяқтық ісі бойынша сот тыңдауы басталуы тиіс еді. Айыпталушылар – қызы мен анасы. Шамамен, олардың әрекеттерінен жалпы сомасы 20 млн теңге сомада 30 шақты адам зардап шеккен: әйелдер мемлекеттік қордан пәтерлер, жер телімдерін, құрылыс материалдарын алып береміз деп уәде еткен.

Алайда әділдік іздеген зардап шегушілерге құрдан құр кетуге тура келді. Басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылған айыпталушының екеуі де сотқа келмей қалды. Адвокаттарының біреуі арқылы (олар сотталушыларда үшеу) анасы сотқа екі құжатты: әйелдің сотқа келмеу себебі қан қысымының жоғары екендігі көрсетіліп, қолдан жазылған өтініші және «жарақат» және «созылу» деген диагнозы бар медициналық анықтамасын ұсыныпты.

Атырау қалалық №2 сотының судьясы Айгүл ҚАЛИМҰҚАШЕВА сот тыңдауын 25 қыркүйекке қалдырды. Жиналғандар сотталушыларға қамауға алу бұлтартпау шарасын алуды талап етті. Сол жерде сот залында олар өз талаптарын ресми арызбен рәсімдеді.

Істің желісі 29 эпизодтан тұрады. Зардап шегушілердің айтуынша, тараздық айыпталушылар Атырауға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Анасы құмалақ ашады, қызы мен екеуінде құрылыс материалдарын жеткізумен айналысатын ортақ бизнестері бар.

Зардап шегушілердің айтуынша, үлкені (Майра деп аталық) оларға С.Датов көшесіндегі бюджеттік 35 «а» үйден пәтерлер мен Самал ықшамауданынан жер телімдерін алып беруге уәде еткен.

Толқын – Майраның уәдесіне алданғандардың бірі:

– Ол облыстық әкімдікте жасайтынын, С.Датов, 35 «а» мекен-жайынан пәтер алып бере алатынын айтты. Маған 3 және 2 бөлмелі пәтердің қайсысын қалайтынымды сұрады: 3 бөлмелісі – 15 мың доллар, екі бөлмелісі – 12 мың доллар екен. Маған үш бөлмелісі қатты ұнаған соң, ақша іздей бастадым. Туысымнан қарызға ақша сұрадым, ол сол кезде жер телімі мен көлігін сатқан еді. Оған балаларым өсіп келе жатыр, жалға алудан шаршадым, өз баспанам керек деп айттым. Туысым келісті. Ол екеуміз Майраға ақшаны апарып бердік. Баспанасы жоқ тұрмысқа шыққан өз қызымды да 12 мың долларға екі бөлмелі пәтер алып қал деп көндірдім.

Содан соң Майра мені бір жігітпен таныстырды, оның баспана бөлетін комиссия құрамында бар екенін айтты. Ол жігіттің Самал ықшамауданында 13 жер телімі бар екен. Ол таныстарыңыз болса, арзанға 7-8 мың долларға береді деп айта жүрсеңіз деп өтінді. Майра маған көмектескен соң мен де оған көмектеспек боп, таныстарыма айттым. Олар Майрамен кездесіп, жер телімдерін көріп шықты. Майра оларға, егер келіссеңдер, құжаттар мен ақшаларын мен арқылы берерсіңдер деді. Сөйтіп 11 адам маған ақшаны әкеп беріп, мен Майраға апарып бердім.

Ол маған біресе «Рахатта», бірдесе супермаркетте кездесу белгіледі. Сол кезде ғана ойыма күдік кірді. Бірақ ол маған бәрінің жақсы болатынын, қазір әкімдікке комиссия келіп жатқанын айтып, сендірді. Бергей отставкаға кетерге жақын шынымен де Астанадан комиссия келген еді.

Біршама уақыт өткен соң Майра мүлдем көзден ғайып болды. Қалада болмады, телефондары жауап бермеді. Маған қарыз берген туысыммен Алмалыдағы үйіне бардық. Үйінде күйеуі мен қызы бар екен. Олар арқылы бізге ақшамызды қайтаруын сұрадық. Ал қыста прокуратура мен ІІД-на арыз жаздық. Әлдебір себептер бойынша менің арызым ұзақ уақыт қаралмай жатты. Шыдай алмай тікелей ішкі істер министрі ҚАСЫМОВТЫҢ атына хат жаздым. Осыдан кейін іс қозғала бастады.

Тағы бір зардап шегуші Майрамен құмалақ аштырып жүргенде достасып кетіпті. Оның «достығы» 3 млн теңгеге шыққан екен.

Бекболат ДҮЗБАЕВ өзінің 745 000 теңгесін қайтара алмай жүр:

Бұл ақпан айы болатын. Мен хабарландыру арқылы қоңырау шалдым. Олар 105 теңгеден ракушеблок беруге уәде берді. Жазға дейін қымбаттап кете ме деп қорқып, алдын ала 9 мың кірпішті сатып алуды ұйғардым. Бір қыз баламен кездесіп, оған 500 мың беріп, келісімшартты алдым. Сол күні кешкісін ол қоңырау шалып: «біз 50 пайыз алдын ала төлеммен жұмыс жасамаймыз, 100 пайыз төлем керек» деді. Мен қалған соманы бердім. Келісімшарт бойынша кірпіштерді мамырда әкелуге тиіс болды. Әкелетін уақытына бірнеше күн қалғанда қоңырау шалып, алдағы жұмада кірпіштердің керек болатынын айтты. Қыз «проблема жоқ» деді. Бейсенбіде есіне салу үшін қоңырау шалдым. Ол есінде бар екенін айтты. Содан соң жұмада қоңырау шалып, бүгінгі кірпіштің сапасы нашар екенін, ертең жақсысы болатынын айтты. Келесі күні де солай деді. Мен оларға: бүгін кірпішті немесе ақшаны әкеліңдер дедім. Келесі күні ол қолхатпен 200 мың теңге беріп, қалғанын 5 күн ішінде беруге уәде берді. Күні бүгінге дейін берген жоқ, телефондары ажыратулы тұр, ал егер сөйлессе, оларға мен бережақ секілді сөйлейді. Шілде айында ІІД-не арыз жаздым. Бірақ осы уақытқа дейін қайтарар деп үміттеніп, күтумен келдім. Содан соң шыдай алмай, кірпіш вагондары келетін Бертасқа кеттім. Ол жердегілер: «аға, оларды іздеп жүрген адам жалғыз сіз емес, бірақ олардың Бейнеумен келісімшарттары жоқ» деді.

Зардап шегушілердің көпшілігінің істері бүгінде азаматтық сотта өз пайдаларына шешілген. Олардың бірі былай дейді:

– Олар ракушеблок үшін 378 мың теңге бережақ еді. Азаматтық талап арыз қаралғаннан кейін шешімді менің пайдама шешті. Шешімді сот приставына апарып бердім, бірақ әлі күнге дейін ақша жоқ. Енді, дәл тыңдау отырысы алдында олар менің есепшотыма 10 мың теңге салыпты. Шамасы, біз сотта олар өтемақы сомаларын төлей бастады деп айтсын десе керек. Бұл деген ессіздік қой!

Заңгерлердің айтуынша, ҚР ҚК-нің 177-бабы («Алаяқтық») ең көп қолданылады екен. Сот тәжірибесінде көбінесе осы бап бойынша іс қаралады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

17 қыркүйек 2013, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.