Атырау, 5 қазан 15:37
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Вокзалдағы дүрбелең

2 979 просмотра

Бүгін, 24 қыркүйекте сағат 11-лер шамасында Атырау қаласының теміржол вокзалы ғимаратында дабыл жарияланды. Адамдар ғимараттан қауіпсіз жерге көшірілді.

Бұған анықтама бюросының маңында, көрінетін жерде қараусыз қалдырылған үлкен сөмке себеп болған. Бірнеше рет дауыс зорайтқыш арқылы хабарландыру берілгенмен, еш нәтиже болмады. Атырау облысының көлік прокуроры Болат ХАЛЫҚОВ хабарлағандай, осыдан кейін адамдарды вокзал ғимаратынан шығара бастаған. Мамандар сөмкеге тексеру жүргізіп, оның ішінен күмәнді ештеңе таппады. Ал, кешікпей, оның қожайыны, Өзбекстан азаматы да табылған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қыркүйек 2013, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.