Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Ателье қожайынын өлтіру қылмысы ашылды

2 076 просмотра

13 қазанда Махамбет көшесінің бойындағы үйлердің біріндегі пәтерден 30 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Бұл үй иесі болып шықты. Оған тоғыз жерден пышақ жарақаты салынған.

Қаза болған әйел ательенің қожайыны екен. Жартылай ашық қалған көршісінің есігін көріп, әлденеден секем алған сол үйдің тұрғыны әйелдің өлі денесіне тап болыпты.

ҚІІБ криминалдық полиция басшысының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, қылмыс болған жерді тексеру кезінде пәтерден зергерлік бұйымдардың, ақшалардың қолды болғаны анықталды.

14 қазанда ІІД мен ҚІІБ қызметкерлерінен құралған тергеу-жедел тобы күдіктіні – Құрманғазы ауданының 37 жастағы тумасын ұстады.

Күдіктінің пәтерінен ұрланған заттар, оның қанға былғанған киім-кешегі табылды, - дейді М. Тағаниязов. – ҚР ҚК-тің 96-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 қазан 2013, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.