Атырау, 20 сәуір 15:50
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ұрылар үндерін шығармауға тырысқан

2 397 просмотра

14 қазанда №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топты ұстады.

Топ 19, 17 және 16 жастағы үш адамнан құралған. Тамыз айынан қазан айына дейінгі аралықта олар 10 пәтер ұрлығын жасаған. Негізінен түнгі уақытта тұрғын мекен-жайларға қожайындары ұйықтап жатқан кезде терезе арқылы түседі екен. Ұрланған заттарды қылмыскерлер жалға алған пәтерде сақтапты. Тінту кезінде заттай айғақтар – құндыз ішіктер, ұялы телефондар, ноутбуктар мен т.б. заттар тәркіленіп алынды, – дейді Атырау ҚІІБ криминалдық полиция басшысының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ.

Бүкіл ұрлық қылмыстары бір өндіріске біріктірілді. Бұрын әлденеше рет істі болған 19 жастағы ұрылар тобының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған екі тұлғаға басқа жаққа кетпеу туралы қолхат берілді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 қазан 2013, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.