Атырау, 31 наурыз 11:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Пышақ жарақаты

2 708 просмотра

13 қазанда таңғы сағат 4-те құрсақ қуысынан пышақ жарақатын алған Атырау қаласының 32 және 37 жастағы тұрғындары облыстық ауруханаға түскен.

Полиция олардың «Фабрик» түнгі клубының (бұрынғы «Тропикана», «Шалқыма» дүкені мен «Мұнайшы» стадионының арасында) ауласынан жарақат алғанын анықтады. Күдікті – 20 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 103-бабы (Денсаулыққа ауыр зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Неліктен екені белгісіз, бұл 90-жылдары 13-17 жастағы атыраулық жасөспірімдерге танымал (әлдекімнің үй студиясында жазылған) әнді еске түсіреді. Онда бір күні үйіне келгенде, өлім халінде «...ішіне пышақ салынған» анасын көрген тілазар жасөспірім туралы жан тебірентер хикаяны әңгімелейтін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2013, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.