Атырау, 28 наурыз 15:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Лаңкестік жасады деп айыпталуда

2 899 просмотра

Көрнекі суретКөрнекі сурет23 қыркүйекте Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта лаңкестікке айыпталған тұлғалар тобына қатысты сот үрдісі басталды.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, айыпталушылар орындығында Құрманғазы, Исатай аудандарының, сондай-ақ, Атырау қаласының 9 тұрғыны отыр. Ең кішісінің жасы 17-де.

Олардың барлығына ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 4-тармағы («Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мақсатында адамның өмiріне қастандық жасау»), 233-1-бабының 2-тармағы («Терроризмді немесе экстремизді насихаттау»), 233-2-бабының 2-тармағының («Террористік топ қызметіне қатысу»), 233-3-бабының 1-тармағының («Экстремизмдi немесе террористiк қызметтіқаржыландыру»), 251-бабының 3-тармағы, 252-бабының 3-тармағы («Қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және жасау»), 24-бабының 1-тармағы («Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу») бойынша айып тағылуда. Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жұмағали ТӘШІМОВТІҢ төрағалығымен сот үрдісі жабық тәртіпте өтуде.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың ақпанында Атырау облыстық прокуратурасы Атырау облысының құқыққорғау және арнайы органдарының өңірдегі құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы бірқатар лаңкестік актісін жасауды ұйымдастырған лаңкестік топ мүшелерін анықтап, залалсыздандырғандығы туралы хабарлама таратқан болатын.

Топ негізінен Құрманғазы ауданының тұрғындарынан құралған. 2013 жылдың 6 ақпанында 30 жастағы топ басшысы Ким Рамизаға және топтың басқа белсенді мүшелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2 бабының 2-тармағы («Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық прокуратураның мәліметтері бойынша, топ мүшелерінің мекен-жайы бойынша екі шолақ аңшы мылтығы мен қолдан жасалған жарылыс құрылғыларының компоненттері табылып, тәркіленген.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

25 қыркүйек 2013, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.