Атырау, 17 сәуір 01:39
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Полицей оң мінездемесімен зонаға кетеді

1 860 просмотра

Индерлік полицейге есірткі саудасымен айналысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ айтуынша,Индер АІІБ қызметкері Хамит НҰРЫМОВ ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3-тармағы («Аса ірі мөлшерде есiрткi заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алу, сақтау») бойынша кінәлі деп танылды.

Айыптау үкімінде айтылғандай, Индер аудандық АІІБ-де жедел уәкілетті қызметкері болып жұмыс істеген Қызылорда облысының 23 жастағы тумасы өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде марихуананы заңсыз иемденіп, сақтаған. Өткен жылдың қыркүйегінде полицей өз танысына бір келісін 250-300 мың теңге бағаға марихуана сатып алушыларды тауып беруді ұсынған. Ол полицияға хабарласқан. Қазан айында есірткі саудагерін Батыс өңірлік ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қамауға алды.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты Нұрымовқа мүлкін тәркілеумен қатар, қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығын айыруға үкім шығарды. Сот жаза тағайындау кезінде оның жазасын жеңілдетуде Нұрымовтың бұрын сотталмағандығын, сонымен қатар жұмыс орнынан берілген оң мінездемені қаперге алды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

10 қыркүйек 2013, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.