Атырау, 24 қыркүйек 15:16
 ашықВ Атырау +22
$ 475.25
€ 505.52
₽ 4.95

Алаяқтың айласы іске аспады

1 858 просмотра

3 қазанда Құлсары қаласының 52 жастағы тұрғыны Жылыой АІІБ-не өзінің алаяқтың құрбанына айналғанын хабарлады.

24 қыркүйекте оның үйіне жас жігіт келіп, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, ұлының мектепте төбелес шығарып, терезе сындырғанын, істі басып тастау үшін 9 мың теңге төлеу керектігін айтқан. Аңғал әке оған осы соманы бере салған.  Өзін алдап кеткендігін ол ұлы мектептен келген кезде білген. Жедел топ қызметкерлері жалған полицейді дереу ұстады. Ол 23 жастағы жергілікті тұрғын екен. ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 қазан 2013, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.