Атырау, 5 желтоқсан 08:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сот алаяқтың табандылығын бағалады

2 685 рет қаралды

Атырауда 2011-2013 жылдар ішінде 30 адамды алдаған пәтер алағына сот үкімі шығарылды.

Әйел қалалық әкімдікте жұмыс жасайтын таныстарым бар деп, мемлекеттік бағдарлама бойынша Нұрсаядан 2-3 бөлмелі пәтерлер ұсынған. Әрбір уәде етілген пәтерге ол 2 мыңнан 16 мың долларға дейін сыйақы сұрапты. Осылайша ол жалпы сомасы 21 840 150 теңгені иемденіп,30 адамды алдаған.

Айтпақшы, 2008 жылы алаяқ әйелге қалалық №2 соты бас бостандығынан айыруға үкім шығарған, алайда оның жүктілігіне байланысты жаза кейінге қалдырылды. Ал ол болса қайтадан бұрынғы кәсібіне көшіпті, - дейді Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Мақсат АТАН.

Атырау қалалық №2 соты өтелмеген мерзімді ішінара қосу арқылы алаяқтың мүлкін тәркілеп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қыркүйек 2013, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.