Атырау, 29 наурыз 01:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 682 просмотра

Полицияға Атыраудың 25 жастағы тұрғыны хабарласты. 8 қазанда сағат 19-да Азаттық даңғылының бойындағы супермаркеттердің бірінің жанына қойылған өзіне тиесілі «Ауди» көлігінен құны 45 мың теңге тұратын ұялы телефоны жоғалып кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***


Құлсары қаласының орталығында 10 қазанда 41 жастағы жүргізуші «Фольксваген-Пассат» көлігінің рөліне ие бола алмай, бағанаға соққан. Алынған зақым салдарынан жүргізуші сол жерде қаза болды, оның 26 жастағы жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

***


Атырау - Әуежай тас жолында 10 қазанда су полициясының қызметкерлері рөлінде 27 жастағы ер адам отырған «Мицубиси-Лансер» көлігін ұстады. Седанның жүксалғышынан 24 келі жаңадан ауланған бекіре балығының еті табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Қазанның 14-іне қараған түні белгісіз біреулер Азаттық даңғылы бойындағы кеңсе ғимаратына терезе арқылы түсіп, сейф, ноутбук пен компьютер ұрлап кеткен. Күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау шаралары алынуда.
Қазанның 11-і күні «Көктем» базарында 57 жастағы әйел адамның «Самсунг-Галакси» ұялы телефоны ұрланып кеткен. Зиян мөлшері 35 мың теңгені құрайды. Ұрылар іздестірілуде.

***


Қазанның 14-і күні таңертең Атырау-Орал тас жолында Алмалы маңынан ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота-Камри» көлігін тоқтатты. Көлік жүксалғышынан 350 келі жаңадан ауланған бекіре еті табылды. Балық қожайыны Құрсай поселкесінің 35 жастағы тұрғыны боп шықты. Тергеу жүргізілуде.

***

Сол күні су полициясының қызметкерлері Атырау ықшамауданынан Жанбай поселкесінің тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21102 көлігін тоқтатты. Жүксалғыштан 62 келі жаңадан ауланған бекіре балығының еті табылды.

***

 
Қазанның 15-і күні тал түсте ҚІІБ-не «Тума» мал базарының саудагері хабарласты. Оның айтуынша, «Лада-Приора» көлігінің жүргізушісі бір қойын алып кеткен. Көзімен көргендер көліктің нөмірін есте сақтап қалған. Сондықтан жүргізушінің жеке басы бірден анықталды. Оны ұстау шаралары алынуда.

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.