Атырауда жексенбіге қараған түні Исатай—Махамбет алаңында бірнеше бұзақы серуендеп жүрген үш жас қызға шабуыл жасапты, екеуі қашып кеткен, ал біреуі қылмыскерлердің қолына түсіп қалыпты, олар жүргіншілерден де, бейнебақылау камераларынан да қорықпай, оны пышақпен тілгілеп тастапты деген қауесет желдей есті.
Ал бізге ІІД баспасөз қызметін-дегілер былай деп хабарлады:
- 22 қыркүйекте сағат 02.00-де облыстық балалар ауруханасына арқасынан түрлі жарақат алған 17 жастағы қыз жеткізілді. Осы факті бойынша ҚІІБ тергеу бөлімі тексеру жүргізуде. Тергеушілер кәмелетке толмаған қыздың қалайша ата-аналарының назарынан тыс қалғанын анықтауда.
Тамара СУХОМЛИНОВА