Атырау, 9 ақпан 06:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Атқорадағы қастандық

2 248 рет қаралды

Жылыой аудандық ІІБ-не Тұрғызба селосының тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің 12 мың АҚШ доллары тұратын жылқысын бәйге алдында қасақана жаралағанын айтты.

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 10 қыркүйек күні жылқы иесі Певун атты  асыл текті жануарының аяғын белгісіз біреу өткір затпен жаралағанын байқайды.

- Күдікті анықталып, ұсталды. Ол зардап шегушінің 26 жасар ауылдасы болып шықты, - дейді Г. Мұхтарова.

Қылмыстық іс көтеру жөнінде мәселе шешіліп жатыр. Бұзақылық бабымен бірге жануарларға қатыгездік жасағаны үшін де қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Тамара СУХОМЛИНОВА  

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.