Атырау, 22 желтоқсан 10:11
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Вахтадан кешіккен арқан балық Басқа жаңалықтар

Вахтадан кешіккен арқан балық

«АЖ» редакциясына ТШО-да мердігерлік жұмыс жасайтын «ЮСС Суппорт Сервисез» (қазақстандық «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-нің  40 пайыздық үлесінің қатысы бар) сервистік компаниясы өзінің вахталық қызметкерлерін жарамдылық мерзімі күмәнді арқан балықпен тамақтандырғанын растайтын құжаттар келіп түсті. 7 ақпан 2013, 00:00 5 682 рет қаралды
Қоғам

Құран әліппесін үйренуге қызығушылық басым

Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрамына кіретін әр мешітте арнайы діни сауат ашу курстары ашылған. Ислам негізін тануға ниет білдірген жандар үшін облыстық «Иманғали» мешітінде де сабақ жүргізіледі. 7 ақпан 2013, 00:00 3 128 рет қаралды
Байғазы атаның баянды өмірі Басқа жаңалықтар

Байғазы атаның баянды өмірі

99 жастағы Ұлы Отан соғысынының ардагері Байғазы БАЕТОВТЫҢ (суретте) үйіне баруға жиналғанда, шынымды айтсам, немересімен шашка ойнап, оны жеңу үшін барын салған қартты сергек қалпында көремін деп күтпеп едім. 7 ақпан 2013, 00:00 6 671 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Аудан жаңалықтары

Индер ауданының Есбол селосында осыдан екі жыл бұрын «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен қолға алынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы өткен жылы тоқтап қалған болатын. «Күкіртті» қыстағында күрмеулі жарық мәселесі шешілді. Тастай БОЗШИЕВ өзінің көршілерімен бірге жел диірмені мен күн батареяларының жүйесін орнатып алды. 7 ақпан 2013, 00:00 2 038 рет қаралды
Тығырыққа тірелгендер Қоғам

Тығырыққа тірелгендер

Қазір ер жеткен, жастайынан ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балаларды пәтер мәселесі біздің редакциямызға жиі хабарласуға мәжбүрлеп отыр. Олар қызметтік міндеттері бойынша бұл мәселелерді шешуі тиіс мекемелердің табалдырығын тоздыра-тоздыра шаршаған. 7 ақпан 2013, 00:00 3 157 рет қаралды
«Ақжайықтың» бар асылы Экология

«Ақжайықтың» бар асылы

2 ақпан – Дүниежүзілік сулы-батпақты жерлер күні. Осы атаулы күнге орай «Жас натуралистер» клубында табиғатымыздың әсемдігінен сыр шертетін ««Ақжайық» және оның биологиялық көптүрлілігі» фотокөрмесі ашылды. 7 ақпан 2013, 00:00 10 982 рет қаралды
Рафаэльдің сегізінші нотасы Мәдениет

Рафаэльдің сегізінші нотасы

Бәрі түсінікті: егер баланың атын Рафаэль қойсаң, ол міндетті түрде өз өмірін өнерге арнайды. Әлемдегі осы аттас атақты суретшілер мен әншілерді айтпағанда, өз қаламызда Рафаэль СЛЕКЕНОВ сурет салады, кешке қарай анда-санда Рафаэль СӘРСЕНОВТЫҢ (суретте) саксафонынан шыққан сиқырлы саздары жан тербетеді... Айтпақшы, бұдан 34 жыл бұрын болашақ сазгердің ата-анасы баласына ат қоярда оны дәрігер, заңгер немесе инженер болады деп армандаған екен. 7 ақпан 2013, 00:00 3 190 рет қаралды
Қамқоршы Кэрол Қоғам

Қамқоршы Кэрол

– Дәнекерлеуші болғым келеді, - дейді №1 облыстық мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Нұрсұлтан. Оның екі үлкен ағасы бар екен, біреуі отбасын құрған, ал екіншісі студент. Енді Нұрсұлтан да білім алып, өз өмірін өзі құрғысы келеді. Бұл бойшаң жігіт қазір баскетбол секциясына қатысып жүр.  Ол өзі туралы ол көп ашылып айтқысы келмейді.  7 ақпан 2013, 00:00 3 042 рет қаралды
Қапы қалмайды Басқа жаңалықтар

Қапы қалмайды

№54 балабақшаның тәрбиешілері балаларда болатын шашалып қалу, жарақат алу, тоқ соғу сияқты келеңсіз жағдайлардың алғашқы секундтарында қалай әрекет ету керектігін және өрт, басқа да төтенше жағдайларда не істеу қажеттігін жатқа біледі. 7 ақпан 2013, 00:00 4 314 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы Астраханда өткен КСРО спорт шебері Владимир Бобковты еске алуға арналған 1999-2000 және 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасындағы бокстан бүкілресейлік ашық турнирде сәтті өнер көрсетті. Ақтау қаласында өткен ММА (аралас жекпе-жек) бойынша ашық республикалық турнирде облыстық джиу-джитсу федерациясының шәкірттері жақсы өнер көрсетті. 7 ақпан 2013, 00:00 3 699 рет қаралды
Мәскеу метросындағы жарылысқа қатысы бар лаңкестің көзі жойылды Әлемде

Мәскеу метросындағы жарылысқа қатысы бар лаңкестің көзі жойылды

Ресейдің Терроризмге қарсы ұлттық комитеті Дағыстанда арнайы операция барысында 2010 жылы наурызда Мәскеу метросындағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған лаңкес Гусен Магомедовтің көзі жойылғандығын хабарлады, деп жазады ВВС Орыс қызметі. 6 ақпан 2013, 18:19 1 646 рет қаралды
Өткен жылғы миллиондар үлестірілді Басқа жаңалықтар

Өткен жылғы миллиондар үлестірілді

Бүгін, 6 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс Х сессиясы өтті. Ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер енгізу жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Әлсейіт САБЫРОВ баяндама жасады. 6 ақпан 2013, 17:03 2 320 рет қаралды
«Қазақстан инжиниринг» және «Эйрбас Милитари» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Қазақстанда

«Қазақстан инжиниринг» және «Эйрбас Милитари» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Эйрбас Милитари» компаниясының басшысы Доминго Уренья-Расомен кездесу өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 6 ақпан 2013, 14:51 1 981 рет қаралды
Барлық зейнетақы жинақтары 2013 жылғы 1 шілдеге дейін бірыңғай қорға шоғырланады Қазақстанда

Барлық зейнетақы жинақтары 2013 жылғы 1 шілдеге дейін бірыңғай қорға шоғырланады

Қазақстандықтарың барлық зейнетақы жинақтары 2013 жылғы 1 шілдеге дейін бірыңғай қорға шоғырланады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов. 6 ақпан 2013, 14:46 4 042 рет қаралды
Қазақстанда лаңкестікке қарсы өңірлік комиссиялар құрылуда Қазақстанда

Қазақстанда лаңкестікке қарсы өңірлік комиссиялар құрылуда

АСТАНА. 6 ақпан. BAQ.kz – Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа заңнамалық түзетулер Қазақстанның облыстарында лаңкестікке қарсы өңірлік комиссиялар құруға мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты.  Олардың міндеті жер-жерлерде алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. 6 ақпан 2013, 14:38 2 068 рет қаралды
Франция наурыз айында Малиден әскерін шығаруға уәде берді Әлемде

Франция наурыз айында Малиден әскерін шығаруға уәде берді

Францияның қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан Малидегі әскери операция кезінде жүздеген содырлардың көзі жойылғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, исламшылдар Малидің солтүстігіндегі базадан шығарылған, қазір олар елдің солтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жасырынып жүр. 6 ақпан 2013, 14:31 1 391 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

Полиция Махамбет ауданындағы Таңдай селосының 22 жастағы тұрғынын іздестіруде. Өткен жылдың қарашасында ол 5 адамға «блат арқылы» ұшу билетін алып беруге уәде беріп, жалпы сомасы 709 мың теңге болатын ақшаны алып, ғайып болған. Полицияға Орталық ықшамауданының 23 жастағы тұрғыны хабарласты. 30 қаңтарда ол 20 жастағы құрбысын үйіне қондырыпты. Ал ол оның 500 мың теңге болатын зергерлік әшекейлерін ұрлап алған. 6 ақпан 2013, 13:44 2 372 рет қаралды