Атырау, 21 мамыр 03:06
 ашықВ Атырау +21
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Бұл біздің әдіс емес

1 779 просмотра

Атырау қалалық ІІБ Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күніне орай полиция, прокуратура және қаржы полициясы қызметкерлері үшін ақпараттық кеңес өткізді.

ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Сембай ЖАПАҚОВ 2014 жылдың бірінші жартысында Атырау облысының ұсталушыларға заңсыз ықпал ету әдістерін қолданған құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша «көшбасшылар» қатарынан орын алғанын атап өтті.

Қатысушыларға биылғы жылдың ақпанында мойындау жауабын алу мақсатымен азаматқа күш қолданған ІІД жол полициясының қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы еске салды. Жыл басынан бері осындай 4 факт анықталып, олар бойынша қылмыстық істер қозғалған. Бір іс сотқа жолданып, екеуі мамандандырылған прокуратураға алдын ала тергеуге жіберілген, ал, біреуі дәлел болмағандықтан тоқтатылыпты.

Кеңесте тиісті қылмыстық істер бойынша ІІД-нің жеке құрамы міндетті түрде қатысатын ашық соттарды тәжірибеге енгізу ұсынылды. Жол-патрульдік қызметкерлерге ереже бұзушымен тілдескен кезде міндетті түрде бейнетіркегішті қолдануға кеңес берілді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

3 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.