Атырау, 27 қараша 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Олар «бағаны өсіре алмайды». Бірақ өсіріп отыр

1 552 просмотра

1 маусымнан бастап Атыраудағы газ құятын автобекеттерде сұйытылған газдың бір литрі бұрынғы 45 теңгеден 60 теңгеге дейін көтеріліп кетті. Бағаны бекеттің жеке қожайындары қымбаттатып жіберген.

Бір литрдің бағасы үштен бір бөлігіне көтеріліп кетті. Билік қайда қарап отыр? Біз бұрынғы бағаны қайтарып, күрт қымбаттауға жол бермеуді өтінеміз, - дейді газ құю бекеттеріндегі клиенттердің бірі Батырхан ЕСЕНБАЕВ.

Сұйытылған газды көтерме саудада өткізу бағаларын да, жанар-жағармайдың әлеуметтік маркаларының бағаларын да үкімет реттейді.

ҚР ішкі нарығындағы сұйытылған мұнай газын көтерме саудамен өткізудің бекітілген шекті бағасы 2014 жылдың 30 маусымындағы ахуал бойынша – бір тоннасы 33,6 теңге (ҚҚС-сыз).

Облыс бойынша сұйытылған газды көтерме саудада өткізумен, атап айтқанда, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС айналысады. Оның директоры Нұрқанат РИТАЕВ былай дейді:

Біз газды 38-ден сәл астам теңгеден босатамыз. Айына 250 тоннадан сатып аламыз, мұнай және газ министрлігі бекіткен кестеге сәйкес  жеткіземіз.

Ритаев көтерме жеткізілімдер-дің қандай мекемелерге жасалатындығын нақтыламай, оны бөлумен әкімдіктің айналысатындығын айтты. Ал, Атырау облыстық энергетика және ТКШ басқармасындағылар газды бөлшек саудада өткізу бағаларын Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті (ТМРАД) реттейтіндігін айтқан болатын.

ТМРАД басшысының орынбасары Әлсейіт САБЫРОВТЫҢ айтуынша, бөлшек сауда бойынша жоғарғы орындардағы субъектілер тізіліміне мыналар кіреді: «Стандарт газ» ЖШС – ТМРАД мақұлдаған бөлшек сауда бағасы 56,5 тг/кг (1 кг = 1,75 л), «Жайық газ» – 72,7 тг/кг, «ЖылыойГазСервис» – 105 тг/кг, «Ниет Лтд» – 40 тг/кг,«СнабСтройСервис» – 65 тг/ кг.

Әрбір субъектінің бекітілген бағасы шығыстар есебімен әртүрлі болып келеді, - дейді Сабыров. – Барлық субъектілер бойынша бағалар олар тізілімге енген сәттен бастап мақұлданды. Содан бері қарай баға көтерілген жоқ.

Біз қалалық газ құю автобекеттерін аралап шықтық. Атап айтқанда, Московский-Құрманғазы көшелерінің бойындағы атауы жоқ екі бекет газды 60 теңгеден сатуда. Олар мұның себептері туралы бізге ештеңе айта алмай, қожайынның қалада жоқ екендігін желеуретті. Біз «Жайық газ» ЖШС-не қоңырау шалған едік. Басшылық та орнында болмай шықты, бірақ есепші бағаның 60 теңгеге дейін көтерілгенін растады.

Олар бағаны өздіктерімен көтере алмайды. Алдымен тарифті бекіту үшін біздің департаментке шығулары тиіс еді, - дейді Ә.Сабыров.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының мәліметтері бойынша, облыс бойынша газ толтыратын 21 станса бар, оның 11-і – Атырау қаласында. 1 456 машина газбен жүреді.

Энергетика және ТКШ басқармасының бастығы Ақылбек БАЙШАХАНОВТЫҢ айтуынша, ай сайын облыс бойынша 800-900 тонна сұйытылған газ таратылады. Оның 250 тоннасын «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» жеткізеді.

Бұл сұйытылған газдың бөлшек бағасы көтерілген алғашқы жағдай еместігін айта кеткен жөн. 2012 жылы бір литрінің бағасы 70 теңгеге дейін жеткен еді. Сол кезде жеке бекеттердің қожайындары газдың тапшылығын желеуретті. Қазір, облыстық әкімдіктің мәліметтері бойынша, отыннан тапшылық жоқ. Өйткені, 2 жыл бұрын ғана облыстағы ай сайынғы газ қажеттілігі 400 тонна болған. Неліктен қазір қажеттіліктің күрт (екі есеге) өсіп кеткенін облыстық әкімдіктегілер нақтылап айтпады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

3 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.