Атырау, 21 желтоқсан 12:50
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Еуропа арқылы Астанадан Астанаға дейін

1 626 просмотра

1 шілдеде Атырау «Керуен» мотожорығына қатысушыларды қарсы алды.

Қазақстандық үш мотоциклшы – «қиянға саяхат жасаған» Серік СҰЛТАН, Асхат ЖАҚАБАЕВ және Диас БАЙСЕЙІТОВ біздің қала арқылы Астанаға оралады.

Астанадан 21 мамырда шыққан байкерлер маршруты 20 ел арқылы өтеді. Қазақстаннан басқа Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания, Германия, Нидерланды, Бельгия, Франция, Швейцария, Монако, Италия, Австрия, Венгрия, Румыния, Молдавия, Түркия, Грузия және Әзірбайжан мемлекеттері. Жігіттер жалпы 18 мың шақырым жерді жүріп өтіп, Астанаға 6 шілде күні жетуді жоспарлап отыр.

Біз Қазақстан жайлы, біздің мәдениетіміз бен дәстүріміз туралы әңгімелеу үшін бірнеше елдің тұрғындарымен кездестік, - дейді А.Жақабаев. – Түрлі жағдай болды. Денсаулығымызға қатысты проблемалар да туындады, жолдан адасып кеткен кездеріміз де болды. Бірақ жолымызда кездескен адамдармен тілдесу бұл проблемаларды жоққа шығарды. Бізге қол ұшын беруге дайын қайырымды жандар көп кездесті. Әрине, басқа ел тұрғындарының бізден Қазақстан туралы сұрап, шынайы қызығушылық танытқаны өте ұнады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

3 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.