Мамырдың соңында, Жайық суының температурасы 16 градусқа жеткен кезде, облыстық обаға қарсы күрес стансасының қызметкерлері әдеттегідей өзен суында тырысқақ вибрионының бар-жоқтығын тексеруді бастады.
Бүгінде эпидемиологтар 422 сынама алды. Оның 125-де вирулентті емес, яғни, жұқпалы емес тырысқақ вибриондары табылды. Дегенмен де, аса сақ болған жөн. Естеріңізге салсам, 2002 жылдың жазында Махамбет ауданындағы Нарынка каналының суынан және жергілікті тұрғындардың бірінің ағзасынан әлсіз вирулентті тырысқақ вибрионы анықталып, облыста карантин жарияланып, індеттің алдын алған болған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ