Осы жазда бес жүзден астам студент «Жасыл ел» жастар жасағында жұмыс істейтін болады.
Жастар саясаты істері жөніндегі басқарма басшысы Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ айтуынша, «Жасыл елдің» 400 сарбазы осы жазда облыс орталығын көгалдандырумен және абаттандырумен айналысса, 150-і Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарындағы орман шаруашылықтарында еңбек етпек.
- Қалада «Арнаулы автобаза» КМК жанында жұмыс істейтін балалар айына 24 мың теңге алады, тағы 18 мың теңгені бюджет қосымша төлейді, - дейді М.Қалауи.– Аудандарда да солай: 24 мың орман шаруашылығынан және 18 мың бюджеттен төленеді.
Тамара СУХОМЛИНОВА