Атырау, 27 қараша 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

200 жұмыс орны бар

2 480 просмотра

АМУ-дің «Жайық» спорт кешенінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және «Тарлан-Атырау» ҚБ ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге оқу орнын жаңа бітірген жас түлектермен қатар қала тұрғындары да қызығушылық танытты. Компаниялардың өкілдері бірқатар бос жұмыс орындарын ұсынды. Мәселен, «Уорли Парсонс Қазақстан» ЖШС жоспарлау бойынша инженер мен бас заңгер, «Атырау су Арнасы» КМК слесарь-жөндеуші, электромонтер (7 бос орын) іздейді. Осы шағын жәрмеңкеге 15 шақты мекемеден 200-дей бос жұмыс орны ұсынылды. «Сичим С.п.А Қазақстан», «Абадан Вест» ЖШС, «Цеснабанк», «Казкоммерцбанк», «Халық банкі» осындай шараларға үнемі атсалысып отыратындарын жеткізді. Үміткерлермен әңгімелесу жүргізіліп, түйіндемелер алынды.

- Биылдан бастап оқу орнын жаңа бітірген, әлі жұмыс жасап көрмеген жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруды қолға алдық, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА. - Олардың сұраныс жіберген мекемеде 18 мың теңге жалақысын алып, 6 айлық тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар. Қызығушылық танытқан жастар біздің басқармаға хабарласа алады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.